Мұнай табылғаннан кейін 60 жыл ішінде Дубай қалай өзгерді
Жарияланған күні:
Бүгінде Дубай - көк тіреген зәулім ғимараттары мен таңғажайып сауда орталықтарымен әлемді аузына қаратқан қалалардың бірі. 60 жыл ішінде шаһардың қалай өзгеріп шыға келгенін bigpikcha.ru сайтынан оқыңыз.
1833 жылы Дубай енді құрылған кезде онда бар-жоғы 800 адам болатын. Ол кезде Дубай балық аулауға және меруерттер жинауға арналған шағын орталық болатын. Әдетте бедуиндер мұнда келіп, пальма ағашынан жасалған қарапайым лашықтарға қоныстанатын. Алайда Дубайда мұнай кен орындарының ашылуы бұл өңірді танымастай өзгертіп жіберді.
Бүгінде Дубай — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала, Дубай әмірлігінің әкімшілік орталығы. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығына айналған.
Саяхатшылардың дені Дубай сауда орталықтарын, көздің жауын алар тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін және түнгі Дубайды көру үшін ат терлетіп келеді.
Қаланың орталығы
Қозғалыс
Қалалық ғимараттар
Әуежай
Дубайдың көктен көрінісі
Қалалық жағалау
Дубайдағы шығанақтардың бірі
Дубайдағы алғашқы Jashanmal дүкені
Еске салсақ, бұған дейін Италияның Салеми қаласында 30-дан астам үй құны бір гамбургерге тең бағамен - бір еуроға сатылып жатқанын жазған едік.
Одан бөлек, ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888284-mnaj-tabylgannan-kejin-60-zyl-isinde-dubaj-kalaj-zgerdi/