Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ертегі әлеміне саяхат": Жаңа жылға арналған таңғажайып қонақүйді білесіз бе

Опубликовано:

Қонақүй
Фото: dailystar.co.uk

Жаңа жылды ерекше жерде тойлағысы келетіндер үшін арнайы салынған АҚШ-тағы қонақүй көпшіліктің таңдайын қақтыруда деп жазады dailystar.co.uk.

АҚШ-тың Теннесси штатында орналасқан Christmas Palace атты бұл қонақүй тап бір ертегі әлемінен келіп түскендей. Мерекені қарсы алу үшін барынша әсем безендірілген қонақүйде, тіпті тәттілер тарататын "әнші Санта" да бар. Ол таңғы ас кезінде барлық қонақтардың есігін қағып, тәттілер ұсынады.

Қонақүй
Фото: dailystar.co.uk

Ал қонақүйдегі ағаштар мен безендірулер Жаңа жыл мерекесі өтіп кетсе де, жыл бойы өз орнында тұрады.

Қонақүй
Фото: dailystar.co.uk

Жаңа жылды ерекше ұнататын жұрт бұл жерде бір қонуды армандайтыны анық. Қаңтар-желтоқсан айлары үлкен сұранысқа ие болатын қонақүй жүздеген мерекелік шаммен, әшекей бұйымдармен, ленталармен, қоңыраулармен барынша сәнделген.

Қонақүй
Фото: dailystar.co.uk

Қонақүйдің іші ғана емес, сырты да көздің жауын алады. Сонымен қатар мұнда түрлі жаңажылдық көңілді іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылып жатады.

Қонақүй
Фото: dailystar.co.uk

Еске салсақ, бұған дейін 60 жыл ішінде Дубай қалай өзгергенін жазған едік. Дубайда мұнай кен орындарының ашылуы бұл өңірді танымастай өзгертіп жіберген болатын.

Одан бөлек, қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, әлемді аузына қаратқан "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатқанын жазғанбыз. "Тік орман" деп аталатын жоба жоспар бойынша ерекше сұранысқа ие болуы тиіс еді. Алайда үй адамдарға жақпай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888310-ertegi-lemine-saahat-zaa-zylga-arnalgan-tagazajyp-konakjdi-bilesiz-be/

pixel