RU

Ғалымдар сиыр етін қалай пісірсе пайдалы болатынын айтты

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытай ғалымдары сиыр еті барынша пайдалы болуы үшін оны қалай пісіру керектігін айтып берді деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеу нәтижесі Journal of Agricultural and Food Chemistry журналында жарық көрді.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ет пісірудің бұл әдісі су-вид (французша sous-vide – вакуум іші) деп аталады. Аталмыш әдіс арнайы мейрамханаларда ғана қолданылса қазір оны асүйде де дайындауға болады, дейді аспан асты елінің ғалымдары. Ол үшін тұрмыстық техника болса жеткілікті екен.

Нанкин ауылшаруашылық университетінің ғалымы мен технология колледжінің зерттеушілері сиыр етін пісіру мен дайындаудың түрлі тәсілін қолданып, ағзаға сіңімді әрі пайдалы түрін іздеп көрген.

Олар етті қуырғанда, оның құрамындағы ақуыздары қышқылға айналып, ағзаға зиян келтіретінін байқаған. Ал вакуум әдісі арқылы пісірілген етте пайдалы ингредиенттер көп сақталып қалатын көрінеді. Құрамындағы ақуыз аз өзгеріске ұшырайды, дейді ғалымдар.

Сонымен қатар зерттеушілер қуырылған, асылған етті алып асқазан, ішек сұйықтығымен тотықтырып көрген. Соның нәтижесінде вакуумде дайындалған еттің тез сіңетіні анықталыпты.

Зерттеу тобының жетекшісі Ванган Чжан етті дайындаудың дәстүрлі әдісі – асу, қайнату және қуыруға қарағанда, аз температурамен пластик пакетке салып дайындалған ет әлдеқайда дәмді әрі пайдалы болатынын жеткізді.

Оның сөзінше, вакуум әдісімен дайындалған ет 60°С температурада пісіріледі екен. Ғалым бұндай әдіспен пісірілген ет балғын, бар құнарын сақтаған әрі асқазанға жеңіл болатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі спирт қосылған тағамды жеуге бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Одан бөлек, 500-ден астам шөптің түрімен қоректенетін ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889367-galymdar-siyr-etin-kalaj-pisirse-pajdaly-bolatynyn-ajtty/