Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чукотканың таңғажайыптары: Жаңа күнді алғаш болып қарсы алатын мекен туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

"Известия" басылымы қысы он айға жалғасатын Чукотка автономиялық округінің 90 жылдығына арналған көрмедегі ең қызықты суреттерді ұсынып, бұл мекеннің таңғажайыптары мен құпияларын сөз етті.

Бұл ерекше жердің тұрғындары Жер жүзінде бірінші болып жаңа күнді қарсы алады. Қысы он айға созылатын ызғарлы Чукотканың тағы қандай ерекшеліктері бар? Оны төмендегі материалдан оқыңыз.

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Эскимостар тұратын Уэлькаль ауылы. Бұл ауылдың атауын қазақ тіліне аударсақ, "киттің жағы" деген мағына береді.

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі теңізбен байланысты.

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Чукчалардың ежелгі қонысы Массиктің жанынан табылған бұл жұмбақ мекен "Кит Аллеясы" деп аталды. Киттердің сүйектері үй салуда, сондай-ақ жануарлардың терісінен жасалған қайықтарды кептіру үшін кеңінен қолданылған.

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Бұл қасиетті жер әлі күнге дейін діни жоралғылар мен рәсімдер үшін пайдаланылып келеді.

Чукотка
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Чукчалар тундраның рухына жиі дұға етіп, ұзақ сапарға немесе теңізге барар алдында оларға құрбандық шалады. Аңызға сәйкес, ақылды қарға - әлемді құрудағы және мифологиядағы басты кейіпкер. Халық қарға адамды өмір жолындағы қиындықтардан қорғайды деп сенген.

Отбасы
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Ал мынау - Выквырагтыргыргындар отбасы. Бірде отағасының анасы таңғы уақытта балық аулауға кетеді. Өзеннің жағасында толғағы қысқан ол Валераны дүниеге әкелген. Валера ер жетіп, морж бен мамонт тісіне ою салатын суретші атанды. Оның әйелі Лариса - отбасылық дәстүрлерді сақтаушы. Ол екі ұлына чукча тілі мен фольклорын үйретеді. Ошақ - Чукалардың үйіндегі басты орын. Оның көмегімен ұрпақтың байланысы сақталады деген сенім бар.

Отбасы
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Отбасындағы ең қарт әйелге ерекше құрмет көрсетіледі, ол ошақ пен дәстүрді сақтаушы деп саналады.

От
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Мұнда от тек жылу көзі саналмайды. Оттың көмегімен жергілікті халық зұлым рухтардан қорғануға болады деп сенеді. Жұмыстан оралған ер адамды кіреберісте әрқашан от жағып тұрған әйелі қарсы алады - осылайша тазарту рәсімі жасалады. Әрі қарай, ошақтың қасында отағасына дәмді тағамдар мен ыстық шай әзірленеді.

Отбасы
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Көшпелі бұғы бағушылар теріден жасалған дәстүрлі үйлері - ярангада тұрады. Мектепке баратын уақытқа дейін балалар ата-аналарымен бірге көшіп жүреді.

Бұғы
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Солтүстік үй бұғыларын өсіру - Чукотканың байырғы тұрғындарының дәстүрлі шаруашылығының негізі. Қазіргі кезде Чукотка бұғыларының саны 198 мыңға жеткен.

Иттер
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Сондай-ақ ит ғасырлар бойы бұл мекеннің тұрғындары үшін негізгі қозғалыс құралы саналады. Иттердің ішінде бастысы, көшбасшысы болады. Оны таңдап, тәрбиелеу шеберлікті қажет етеді. Жақсы көшбасшы ит, тіпті қараңғыда діттеген жерге жеткізеді. Чукотка тұрғындары итті әлі көзі ашылмаған күшік кезінде таңдап алып, екі жыл бойы жаттықтырады.

Ит
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Эгвекинот ауылының маңында 180-ші меридиан Солтүстік поляр шеңбермен қиылысады.

Эгвекинот
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Бұл Халықаралық күнтізбенің ауысатын сызығы, мұнда ескі күн аяқталып, жаңа күн тек Ресей үшін ғана емес, бүкіл Жер шары үшін басталады.

Сәуле
Фото: "Общественный продюсерский центр"/Олег Зотов/Ида Ручина

Табиғаттағы ең ерекше және таңғажайып құбылыстардың бірі - күн сәулесінің галосын бұл мекенде жиі тамашалауға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің ең суық қалаларының бірі Норильск туралы жазған едік.

Одан бөлек, Индонезияда тұратын тайпалардың бірі ерекше әдемі көз жанарының арқасында әлем жұртшылығының назарына іліккенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889558-cukotkany-tagazajyptary-zaa-kndi-algas-bolyp-karsy-alatyn-meken-zajly-ne-bilemiz/