Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанды жерін 40 келі бөренемен ұрса да міз бақпайтын қария жұртты таңғалдырды

Жарияланған күні:

Қария
Фото: world.fakty.ua

65 жастағы кунг-фу шебері 40 келі бөренемен жанды жерін ұрып жатса да, міз бақпауының арқасында әлем назарына ілікті деп жазады world.fakty.ua.

65 жастағы Ван Лютай өз елінде темір адам атанып кеткен. Ол ұзындығы екі метр салмағы 40 келілік бөрененің соққысына, тіпті ең жанды жерінен соққы жасалғанның өзінде төтеп бере алады.

Екі баласы бар қария бұл үшін ұзақ жаттығып, арнайы техникаларға үйренген. Ал дәрігерлер болса, қарияның бұл әрекетін ешкімге қайталамауға кеңес береді.

Себебі, ауыр соққыдан әуретті жеріңізден айырылып қалуыңыз ғажап емес. Десе де әбден жаттыққан кунг-фу шеберлері үшін қатты соққыға денесімен төтеп беру қиынға соқпайтын көрінеді. Бірі арқасына, бірі басына, бірі мойнына жасалған соққыға міз бақпауды үйренсе, Лютай одан да жоғары шеберлік шыңына жетіп, ең жанды жерін төзімді етуге барын салған екен.

Ван Лютай - Қытайдың Лоян қаласы маңындағы ауылда жекпе-жек өнері мұражайын басшылық етеді.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз!

Еске салсақ, бұған дейін Вьетнам тұрғыны 80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсіргенін жазған едік. Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады екен. Айтуынша, көп жасауының құпиясы - шашының ұзын болуында.

Одан бөлек, шашының ұзындығы 107 сантимерге жететін 42 жастағы азамат Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889823-zandy-zerin-40-keli-brenemen-rsa-da-miz-bakpajtyn-karia-zrtty-tagaldyrdy/