2020 жылдың махаббатқа толы болғанын дәлелдейтін 10 үздік той фотосы
Жарияланған күні:
Үйлену тойындағы фотосуреттер байқауының жеңімпазы атанған 10 суретті twizz.ru сайты назарға ұсынды.
2020 жыл коронавирустың салдарынан көпшілікке ауыр тигені жасырын емес. Десе де қазаға толы бұл жылдың өзінде де бақыт пен қуанышқа орын табылған. 2020 жылдың махаббатқа толы болғанын дәлелдейтін бұл суреттер үздік деп танылып отыр.
Үйлену тойларын жоспарлаудың ең танымал онлайн-ресурстарының бірі Junebug Weddings жыл сайын үйлену тойының ең үздік фотосуреттерін іріктеу үшін байқау өткізеді.
Олар әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған фотосуретті жинақтап, ең сәтті түсірілгендерін көпшіліктің назарына ұсынады.
Сонымен, 2020 жылдың ең әсерлі той суреттеріне көз жүгіртіп көрелік.
Бақытты испаниялық жұп және олардың бақытты иттері
Италиядағы қос ғашық
Австралиялық тойдағы ешкім күтпеген қонақ
Солтүстік Каролинадағы үйлену тойы
Мәскеулік жас жұбайлар
Шотландиялық қалыңдық қатты толқығаннан көз жасына ерік беруде
Айдаходағы жас жұбайлар
Ирландиядағы той
Фиджидегі қос ғашық
Грециядағы той
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус салдарынан карантинге ұшыраған елдерде жас жұбайлар тойларын қалай қарсы алғанын жазған болатынбыз.
Одан бөлек, коронавирустан шекара аса алмаған жұп тойды екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасағанын жазған болатынбыз. Жұбайлар індет салдарынан шекара асуға шектеу қойған екі ел билігіне осылайша жауап қайтарыпты.
Сонымен қатар, Қытайда коронавируспен күресу үшін тойын кейінге қалдырған 50 жұп некесін қиғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889971-2020-zyldy-mahabbatka-toly-bolganyn-dleldejtin-10-zdik-toj-fotosy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.