Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вирус тауық етіне пластик түтік арқылы егіледі": Желіде кезекті жалған ақпарат тарады

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Алексей Даничев

Әлеуметтік желіде тауық етіп сатып алмауға кеңес беретін ақпараттар кеңінен тарап жатыр. Олардың пайымдауынша, "тауықтарға вирус егілген". Сатып алынған құстан "пластик түтіктер" табылғаннан кейін осындай болжам жасалып отыр. Алайда бұл жалған ақпарат деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Жазбаларда "түтіктер" көрініп тұрған тауықтың бір бөлігінің фотосуреті тіркелген. Бұл – ірі қауырсын сабағы. Олар арқылы тауыққа белгілі бір затты "егу" мүмкін емес.  Сонымен қатар бұл фотоның желіде бір жылдан бері жүргенін айта кеткеніміз жөн", - делінген хабарламада.

Алдымен түсініксіз "түтіктер" туралы Украина тұрғыны әлеуметтік желіде жазба қалдырғаны белгілі болды. Оның болжамдары коронавирусқа қатысты болған жоқ. Оқырманның пайымдауынша, құстың салмағын арттыру үшін су құйған.

Осылайша, бұл түтікшелер қауырсынның сабағы болып шықты. Ал вирусты құстарға "егу" жөніндегі болжам сын көтермейді.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Еске сала кетсек, осыған дейін "Қазақстанда COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға болмайды" деген ақпарат тараған еді. Бұған қатысты пікір білдірген денсаулық сақтау министрлігі мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Сонымен қатар жақында әлеуметтік желілерде болгариялық сәуегей Ванга "белгілі бір вирустың тарайтынын айтқан" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Осы орайда Stopfake бұл ақпараттардың қайдан шыққанын анықтап көрді.

Басылым бұндай жазбаларда күмән, сәйкессіздіктер мен қайшылықтар өте көп екенін атап өтіп, олардың кейбіріне тоқталуды дұрыс деп тапты.

  • Кейбір басылымның ақпаратынша, Ванганың коронавирус туралы болжамдарын оның биографы Велизар Властимиров ресейлік тілшіге бөліскен. Ал Велизар Властимировтың өзін 2018 жылы "Панорама" сықақ агенттігінің редакциясы ойлап тапқан.
  • Басқалары журналист Сергей Косторный жүгінеді, кейбір бағдарламаларда оны болгар көріпкелі Ванганың кіндік атасы ретінде таныстырады. Бағдарламалардың бірінде ол алдағы пандемия туралы 2018 жылы естігенін айтады. Алайда бұл жөнінде неге бұрын айтпағанын нақтыламаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890152-virus-tauyk-etine-plastik-ttik-arkyly-egiledi-zelide-kezekti-zalgan-akparat-tarady/