Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еуропадағы ең үлкен төске" ие модель төсін одан бетер үлкейтіп алды

Опубликовано:

Мартина Биг
Фото: martinabigfanclub

Германия тумасы "Еуропадағы ең үлкен төс иесі" атанған. Әйел жақында төсіне тағы да пластикалық ота жасатты деп жазады ren.tv.

Танымал неміс моделі Мартина Биг "Еуропадағы ең үлкен төске" ие екенін мақтан тұтатынын жасырмайды. Жаңа жылға қарсы тағы да пластикалық отаға жүгінуді жөн санаған ару төсін одан бетер үлкейтіп алды.

Биг өзінің төсін кезекті рет үлкейткенін әлеуметтік желі парақшасындағы табынушыларына жария етіп, тіпті суретін де жүктеген екен.

"Жаңа жыл алдында мен расымен төсімді одан бетер үлкейтіп алдым. Маған төсім барған сайын үлкейгені ұнайды", - деп ағынан жарылды модель.

Мартина болашақта төсінің үлкендігі бойынша әлемдік рекорд орнатуға ниетті екенін алға тартты. Ол бұл үшін сан мәрте ота жасатудан тайынбайтынын айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін Канадада кеудесін үлкейтуге 9 млн теңгесін жұмсаған ару бедеулікке ұшырағанын жазған болатынбыз. Ол төсті үлкейтудің салдары ауыр болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан.

Одан бөлек әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған едік. Ару ернін тым қатты үлкейткені соншалық, үстіңгі ерні мұрнының ұшына дейін тиетін деңгейге жеткен. Дәрігерлер бойжеткеннің бұл әуестігі жақсылыққа алып бармайтынын және денсаулыққа орасан нұқсан келтіретінін талай рет ескерткен. Десе де бойжеткен өз арманына жету үшін райынан қайтар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890378-europadagy-e-lken-tske-ie-model-tsin-odan-beter-lkejtip-aldy/

pixel