Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескі смартфондар интернетке қашан қосыла алмай қалатыны белгілі болды

Опубликовано:

ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

Мамандар ескі смартфондардың интернетке қашан қосыла алмай қалатыны туралы маңызды ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сертификаттаудың ең ірі орталығының бірі Let's Encrypt ұсынған ақпаратқа сәйкес, Android операциялық жүйесінің ескі нұсқасында жұмыс істеп тұрған смартфондар мен планшеттер әрі қарай да сайттарға кіруге мүмкіндік алған.

Бұған дейін компания IdenTrust сертификатының жазылу уақыты аяқталуына байланысты Android гаджеттерін пайдаланушылардың 34 пайызға жуығы 2021 жылдың қыркүйегіне дейін қазіргі сайттардың біраз бөлігін аша алмайтынын ескерткен еді.

Әңгіме 7.1 версияны қолданатын Android смартфондары мен планшеттері туралы болып отыр.

Let's Encrypt бұл мәселенің шешімін тапқанын жария етті. Ендігі жерде гаджеттердің жаңартылған сертификатқа ауысуы ешбір өзгеріссіз жүргізіледі, дейді орталық. Тіпті, оны пайдаланушылар байқамай да қалатынын жеткізді..

Осылайша, сматрфондардың 2024 жылға дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда сарапшылар ол уақытқа дейін құрылғыны ауыстыруға кеңес берді.

Еске сала кетсек, осыған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.

Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.

Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890465-eski-smartfondar-internetke-kasan-kosyla-almaj-kalatyny-belgili-boldy/

pixel