Шаштаразшының көмегімен танымал болған үйсіз азаматты жақындары танып қойды
Жарияланған күні:
Шаштаразшының көмегімен сақалы мен шашын қидырып, желіде танымалдыққа ие болған үйсіз азамат жақындарын тапты деп хабарлайды twizz.ru.
Әдетте өмірінде өзгеріс болғанын қалайтын нәзік жандылардың дені жаңа өмір бастаудағы алғашқы қадамын шаш қиюдан бастағанды ұнатады. Осы орайда Бразилияда қаңғыбастың күйін кешкен азамат Жоао Коэльо Гимарайнш үшін шаш қию расымен де өмірін түбегейлі өзгертті деуге болады.
Ет жақындарымен байланысы үзілген Жоао үйсіз көше кезіп жүрген. Бір күні ол Гояния қаласындағы салонға барып, шаштаразшыдан ұстараны бере тұруын сұрайды. Алайда салонның иесі Алессандро Лобо оған ұстараны берудің орнына, шашы мен сақалын тегін қиып беруді ұйғарады.
Алессандро Жоаоның сақалы мен мұртын қырып, шашын қиып беруден бөлек, тегін күртеше, үш жейде, бірнеше шалбар мен аяқ киімді өз дүкенінен алып, тегін сыйға тартқан.
Содан кейін мүлде өзгеріп шыға келген азаматтың видеосы желіде тарап, ер адам танымалдыққа ие болады.
БАҚ жаңалықтарынан оны байқап қалған туған әпкесі Мария Гимарайнш дереу азаматпен кездесуді ұйғарады. Ағасын он жыл бойы көрмеген әйел оның өзге қалаға табыс табуға кетіп, сол беті қайтып оралмағанын есіне алды.
Мария ағасының мұндай күйге түскеніне таң болған. Себебі, айтуынша ол қашан да өзін күтініп ұстап, еңбекқор әрі жауапкершілігі мол адам ретінде танылып келген. Ол ағасымен жолығып, отбасы қайта біріккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890526-sastarazsyny-kmegimen-tanymal-bolgan-jsiz-azamatty-zakyndary-tanyp-kojdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.