Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы "Әлем аруы" автобустың астына түсіп қаза тапты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Аргентинадан шыққан алғашқы "Әлем аруы" Норма Компальоны автобус қағып кетті деп жазады РИА Новости.

Жол-көлік оқиғасы Буэнос-Айрес қаласында өткен бейсенбі күні орын алған.

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сенсек, сауда үйінен шығып, бағдаршамның рұқсат етілген түсі жанған уақытта жолды кесіп өтпек болған әйелді тұтқиылдан автобус қағып кеткен.

Норма Компальо ауруханаға жеткізіліп, жасанды комаға түсірілген. Бірақ медицина мамандарының күш-жігеріне қарамастан, ол бес күннен кейін көз жұмды.

Айта кетейік, Норма Компальо Лондонда өткен "Әлем аруы-1960" сайысында топ жарған. Ол - бұл атаққа қол жеткізген Аргентинаның алғашқы тумасы. Сол уақытта 21 жастағы ару аталған жүлдеден бөлек, спорттық автокөлік пен қомақты ақшалай сыйлықтың иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Қайрат Нұртастың жары аталмыш байқауға қатысты сұхбат беріп, оған қалай келгені туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқаруда.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, байқаудың онлайн форматта өтуі оған аса қолайлы болған. Ол сұлулық додасына балаларының қасында жүріп-ақ қатыса алатынына қуанды.

Кейін аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық келіншектің қатысып жатқаны хабарланды. Аяна Сұлтанбекова есімді әйел бұл додада Орта Азия атынан шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890719-bryngy-lem-aruy-avtobusty-astyna-tsip-kaza-tapty/

pixel