Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Жерге үш алып астероид жақындап келе жатыр

Опубликовано:

Астероид
Көрнекі фото: pixabay.com

NASA зерттеу орталықтарының бірінде ғалымдар планетаға қауіп төндіруі ықтимал санатқа жататын үш астероид Жерге жақындап келе жатқаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Есептеулерге сәйкес, ғарыш тастары 25 желтоқсанда Жерге тиместен, планетаның жанынан өтуі тиіс. Олардың ең үлкені шамамен үш миллион шақырым қашықтыққа жетеді, ал диаметрі 200 метрге жуықтайды.

501647 (2014 SD224) деп аталатын астероид Жерге соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында жақындаған болатын. Келесі жолы ол 2021 жылдың желтоқсанында планета маңынан ұшып өтеді деп болжануда.

NASA қауіп төндіруі ықтимал санатқа 0,05 астрономиялық бірлік шегінде орналасқан және диаметрі 140 метрден астам барлық ғарыш нысандарын жатқызады.

Еске салсақ, бұған дейін Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қаққанын жазғанбыз. Суретшінің картиналары болашақты болжайтынына сенімді мамандардың бірі осындай тоқтамға келген екен.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде болгариялық сәуегей Ванга "белгілі бір вирустың тарайтынын айтқан" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түскенін жазған едік.

Одан бөлек, америкалық ғалымдар ер адамдарда тромбтар мен безгектің пайда болуынан туындайтын және өлімге әкеп соғатын жаңа ауруды анықтағанын жазған болатынбыз. Азаматтар 40 пайыз жағдайда өмірмен қош айтысуы мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890727-galymdar-zerge-s-alyp-asteroid-zakyndap-kele-zatyr/

pixel