Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ит қасқырға қарсы шығып, 10 жасар қожайынын құтқарып қалды

Опубликовано:

Қасқыр
Көрнекі фото: pexels.com

Ресей субъектісі болып табылатын Коми Республикасында 10 жасар баланы иті қасқырдан құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл жайттың видеосы Mash Telegram каналында жарияланған. Руслан Губар еcімді азаматтың айтуынша, оның үш баласы аулада тығылыспақ ойнап жүрген.

Бір сәтте кішкентай Емельян аула қақпасынан шығып, қар үйіндісінің артына жасырынуды ұйғарыпты. Жеткіншек өзіне қауіп төніп тұрғанынан мүлде бейхабар болған. Себебі, ол өзіне жақындап қалған қасқырды мүлде байқамапты.

Ал оның қырағы иті Джесси болса, қауіп төнгенін бірден сезіп, күтпеген жерден қасқырдың алдынан жүгіріп шығады.

Ол жыртқышқа қарсы шығып, Емельянды ажалдан арашалап қалған.

Жасөспірім бірден бұл жайтты әкесіне айтады.

Джек-рассел тұқымдас итін қасқырдан құтқармақ болған әкесі достарын ертіп қасқырдың ізіне түседі. Адамдардың жақындағанын сезген қасқыр қаша жөнелген. Ал қансыраған ит орманнан табылып, төрт күннен кейін ауыр жарақаттардан өлген.

Иттің қожайыны үй маңына бұған дейін қасқырлар бұрын-соңды мұншалық жақындамағанын айтады.

Руслан баласын бір ажалдан құтқарған итін ешуақытта ұмытпайтынын алға тартты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 29 жастағы келіншекке қасқыр шабуыл жасағанын хабарлаған едік.

Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген.

Түз тағысы келіншегін құтқаруға келген ер адамға да шабуыл жасаған. Ол уақытта ер азамат ат үстінде болған.

Ал жыртқыш аң талаған тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891456-10-zasar-balany-kaskyrdan-ktkaryp-kalgan-it-z-zanyn-krban-etti/

pixel