Он бір баласы бар бақытты жанұя Жаңа жылға қалай дайындалды
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда он бір баласы бар отбасы тұрады. Олар жылдың басты мерекесіне қыркүйек айынан бастап дайыдалуға кіріскен деп жазады The Sun.
Джоан және Томми О'Рурктің он баласы - туған балалары. Ал бір баланы олар асырап алған.
Көп балалы отбасы әр мерекеге ұзақ дайыналып жатады. Алайда Жаңа жыл мерекесіне дайындық бір күн емес төрт айға созылған.
Англияда тұратын ерлі-зайыпты әр баласын бұл күнде қуанту үшін сыйлықтарды ертерек алып бастайды.
Шырша астына он бір сыйлық қорабы қойылғанда, отбасындағы балалар ерекше шаттыққа бөленеді.
Балалардың анасы мереке қарсаңында әдетте дастарханды таңғы сағат 4-ке дейін дайындайтынын, мереке күндері небәрі 2 сағат ұйықтайтынын айтуда. Таңғы 6-да оянатын көпбалалы ана барлық балаларына сыйлық қойылғанына көз жеткізіп қана қоймай, үйін мерекені қарсы алуға безендіре бастайды.
Ерлі-зайыптылар Жаңа жыл мерекесін ең бақытты кезең деп санайды, бұл кезде олардың бүкіл отбасы үлкен үстелге жиналып, фильмдер тамашалап, ойын ойнайды.
Джоан мен Томмидің бөлісетін көптеген пайдалы кеңесі бар. Сондықтан ерлі-зайыптылар бос уақыттарын көп балалы ата-аналарға арналған арнайы форумдарда өткізіп, тәжірибе алмасады.
Еске салсақ, бұған дейін этнограф 2021 жыл қандай болатынын айтып берген еді. Әр жылдың өзіне тән мінезі бар, ал сиыр жылының қалай өтетіні жайлы сауал көпті толғандырып жүргені анық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891682-on-bir-balasy-bar-bakytty-zana-zaa-zylga-kalaj-dajyndaldy/