jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Аяғы ауыр келіншекті әскерилер емханаға зембілмен арқалап апарды (фото, видео)

Әскерилер
Фото: PRO Udhampur, Ministry of Defence

Үндістандағы қарлы өңірлердің бірінде тұратын аяғы ауыр келіншекті әскерилер емханаға зембілмен арқалап жеткізді деп хабарлайды The Indian Express.

Үндістанның Купвара округінде тұратын жүкті келіншек өңірде қалың қар жауғандықтан, емханаға жете алмай қиналған. Қар қалыңдығы тізеге дейін жететін аймақта аяғы ауыр келіншекке емханаға барудың өзі мұң болған.

Әскерилер
Фото: PRO Udhampur, Ministry of Defence

Жүкті әйелдің күйеуі не істерін білмей үнді әскерінің жақын маңдағы жедел базасына қоңырау шалады. Шұғыл көмек қажеттігін түсінген әскерилер жүкті келіншекке дереу көмекке шығуды ұйғарады.

Әскерилер
Фото: PRO Udhampur, Ministry of Defence

Қолдан жасалған зембілге келіншекті отырғызып алған әскерилер оны екі шақырым бойы арқалап өткен. Азды-көпті қардан тазарған аймаққа зембілмен жеткізілген келіншек, одан әрі көлікке отырғызылып, емханаға аман есен жатқызылады.

Әскерилер
Фото: PRO Udhampur, Ministry of Defence

Дер кезінде емханаға жетіп, сәтті босанған келіншектің ұлды болғаны белгілі болып отыр. Бұл оқиға туралы естігендер ерлі-зайыптыны ұлды болуымен құттықтап қана қоймай, әскери қызметкерлерге мақтауларын жаудырды.

Әскерилер
Фото: PRO Udhampur, Ministry of Defence

Еске салсақ, бұған дейін коронавирустың жүкті әйелдерге қалай әсер ететіні белгілі болғанын жазған едік.

Ұлыбританияның Бирмингем университетінде және Қытайдың Гуаньчжоу медицина университетінде қызмет ететін зерттеушілер COVID-19 инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдер мерзімінен бұрын босанып қалуы мүмкін екенін ескертуде.

Аяғы ауыр келіншекті әскерилер емханаға зембілмен арқалап апарды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.