Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңімпазға 100 млн доллар": Илон Маск ерекше байқау жариялады

Опубликовано:

Илон Маск
Фото: imago stock&people / Global Look Press

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск өзінің Twitter желісіндегі парақшасында ерекше байқау жариялайтыны туралы мәлімдеді. Байқау жеңімпазына 100 млн доллар бұйырмақ.

Жер жүзіндегі ең бай адамдардың бірі әрі Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск Twitter желісіндегі ресми парақшасында ерекше байқау жариялайтыны туралы мәлімдеді. Миллиардер бұл байқауда жеңген жанға сыйақы ретінде 100 миллион доллар төлеуге әзір.

Хабарламада айтылғандай, сыйақы көміртекті алу мен сақтаудың ең жақсы технологиясын ойлап тапқандарға беріледі.

Маск келесі аптада байқаудың егжей-тегжейін хабарлайды.

"Мен көміртекті алудың ең жақсы технологиясы үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Илон Маск Forbes рейтингінде Джефф Безосты шаң қаптырған еді. Ол үш жыл бойы көш басынан түспеген Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанған болатын.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Tesla және SpaceX бас директорының мүлкі 188,5 миллиард долларға бағаланып отыр, ал Безостың мүлкі бір жарым миллиардқа кем болып шықты.

Маск Tesla акцияларының құны биржалық сауда-саттықта шамамен 5% -ға артуының арқасында Amazon басшысын шаң қаптырды.

Соңғы жылы Масктың байлығы 150 миллиард долларға өскені атап өтілді. Кәсіпкер 2020 жылдың қаңтарында Bloomberg рейтингінде 35-ші орынға ие болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895133-zeimpazga-100-mln-dollar-ilon-mask-erekse-bajkau-zarialady/

pixel