Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

68,7 млн: Ұлыбританияда сәбіз сатып алған ер адам кенеттен байып кетті

Опубликовано:

Сәбіз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам аяқ астынан байып кетті деп жазады Lenta.ru.

Мартин Гилби есімді ер адам сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ пісірмек болыпты. Алайда үйде сәбіз бітіп қалған екен.

Гилби бірден дүкенге барған, бірақ кассадағылар банк картасымен төлем жасаған кезде ең азы үш фунт стерлингке (1730 теңге) сауда жасау керектігін айтқан. Сатушы жетпей тұрған сомаға лоторея билетін алуды ұсынған.

Ер адам үйіне оралып, тамақтанып, жатып қалыпты. Тек таңертең ғана алған лотореясы есіне түсіп, билетті тексеріп көрмек болған.

Ол билет тексеруге арналған арнайы қосымшаны жүктеп, тексерген сәтте есінен танып қала жаздаған. Хабарламада Гилбидің 119 151 фунт стерлинг (68,7 млн теңге) ұтқаны жазылған.

"Мен оны қайтадан тексердім. Артынша қосымшаны өсіріп, қайта жүктеп, тағы билетті тексердім", - дейді жігіт.

Еске сала кетсек, Ұлыбританияда Рождество қарсаңында жігітіне лоторея билетін сыйға тартқан қыз ұтыстың бір бөлігін талап еткен болатын.

Айта кетсек, 20 жыл бойы лотореяға сеніп келген зейнеткердің ақыры қыруар ақша ұтып алғанын жазған едік.

АҚШ-тың Флорида штаты Веро Бич қаласында тұратын Джеймс Дипполд есімді зейнеткер 20 жыл бойы Powerball лотореясының билеттерін сатып алып келген.

Ол жеңетініне сенгені соншалықты осы уақыт ішінде лотореяға тек бір санды ғана қайта-қайта енгізіп келіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895479-687-mln-lybritaniada-sbiz-satyp-algan-er-adam-kenetten-bajyp-ketti/

pixel