jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қызының көңілін көтеру үшін әйелдерше киінген ер адам жұрттың жүрегін елжіретті

Әке
Скриншот: People's Daily, China

Қытайда қызымен жалғыз қалған әкесі оның көңілін көтеру үшін әйелдерше киініп алып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Цзиньхуа тұрғыны үйіне оралған сәтте ерекше көріністің куәсі болады. Әйел қызын ерекше жақсы көретін күйеуі көйлек киіп алып, қызымен билеп жүрген сәтіне дөп түcкен екен.

Әйелі жұмысынан оралғанға дейін қызына бас-көз болып жүрген әкесі, осылайша оның көңілін көтермек болыпты.

Бұл жайтты дереу ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған әйел видеоны желіге жария етеді. Видеомен People's Daily, China атты YouTube парақшасы да бөлісіп, ерекше қамқор әке желі жұлдызына айналды.

Желі қолданушылары кішкентай қызын еркелете білген ер адамға мақтауларын жаудыруда

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда қызын балабақшаға берген әкенің еңіреп жылаған сәтін көрсеткен видео көпшіліктің қызу талқысына түскенін жазған болатынбыз.

Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған бұл жайт желі қолданушыларының назарына іліккен. Видеода ер адам көзілдірігін шешіп, көз жасын көл етіп жатқаны байқалады. Бұл сәтті қызық көрген әйелі оны видеоға түсіріп, желі парақшасына жүктеген.

Белгілі болғандай, ер адамның жылауына қызының балалар бақшасына алғаш рет баруы себеп болған екен. Көңілі босаған әке қызын "үйінен қуып жібергендей" сезімде болғанын айтып, ағынан жарылыпты.

Қызының көңілін көтеру үшін әйелдерше киінген ер адам жұрттың жүрегін елжіретті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.