jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мақтау қағазына "Оскар" алғандай толқыған оқушы жұртты тәнті етті

Балақай
Скриншот: People's Daily, China

Қытайда мақтау қағазын алғанға ерекше толқып, көзіне жас алған оқушы көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл жайт Қытайдың Сычуань провинциясында болған. Бастауыш сынып оқушыларына мақтау қағаздары ұсынылып жатқан сәтте оқушылардың бірі көпшіліктің назарын өзіне аударады.

Балақай марапатқа ие болатынын күтпеген. Ол өзінің мақтау қағазына лайық деп болғанына ерекше толқығаны соншалық, көзіне жас үйіріп, үлкен шаттыққа бөленеді.

Бұл көрініске таңданған көпшілік балақайға ақ тілектері мен мақтауларын жаудыруда. Олар бастауыш сынып оқушысының мақтау қағазын емес, "Оскар" жүлдесін алып жатқандай қуанғанына таңданыс білдірген.

Оқушының толқыған сәтінен видеоны People's Daily, China атты YouTube парақшасы жария етті.

"Кішкентай жүрегінен айналдым", "Балалардың қуануында жасандылық болмайды", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда қызымен жалғыз қалған әкесі оның көңілін көтеру үшін әйелдерше киініп алып, көпшіліктің жүрегін елжіреткенін жазған едік.

Бұл жайтты дереу ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алған әйел видеоны желіге жария етеді.

Одан бөлек, Қытайда қызын балабақшаға берген әкенің еңіреп жылаған сәтін көрсеткен видео көпшіліктің қызу талқысына түскенін жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай, ер адамның жылауына қызының балалар бақшасына алғаш рет баруы себеп болған екен. Көңілі босаған әке қызын "үйінен қуып жібергендей" сезімде болғанын айтып, ағынан жарылыпты.

Мақтау қағазына "Оскар" алғандай толқыған оқушы жұртты тәнті етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.