Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша жоғары оқу орны мен студент бар

Опубликовано:

Девушка сидит за партой и пишет ручкой на листке бумаги
Фото: Pxhere.com

Қазақстанда жыл сайын жоғары оқу орындары мен оған түсуші түлектердің саны артып келеді. Бүгінде елімізде 123 университет жұмыс істейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 123 жоғары оқу орнының 33-і мемлекеттік, 92 университет жеке қолда болса, ал 4 шетелдік жоғары оқу орны. 

Осы жылы университетке түскен түлектердің саны өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға азайған. Студенттердің жалпы саны 576 557 адамды құрайды, олардың ішінде қыздар – 306 799, ұлдар – 269 758.

2020 жылы жоғары оқу орнына 152 789 студент қабылданып, 153 627 адам диплом алып, жоғарғы оқу орнымен қош айтысты. Сонымен қатар, 115 186 студенттің түрлі себеппен оқуды аяқтамағаны белгілі болды. Қазір оқып жатқан студенттердің 83 пайызы күндізгі оқу нысанында, 7,6 пайызы қашықтықтан, 7,3 пайызы сырттай және 2 пайызы кешкі ауысымда білім алады.

Еліміз бойынша мемлекеттік грантта 196 084 студент оқиды. Бұл жалпы есептің 34 пайызын құрайды.  

Студенттердің 64,9 пайыз мемлекеттік тілде оқыса, 29,6 пайыз орыс тілінде, ал 5,5 пайыз ағылшын тілінде білім алады.

Жоғары оқу орындарында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамының саны 36 307 адамға жетеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897143-kazakstanda-kansa-zogary-oku-orny-men-student-bar/

pixel