jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Смартфоныңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, қуаты тез таусылмауына көмектесетін 6 тәсіл

Ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

Мамандар смартфонының қуаты тез таусылып, көп ұзамай бұзылып қалып жататын адамдар үшін гаджетінің ұзақ қызмет етуіне көмектесетін алты тәсілді ұсынды деп хабарлайды "Профиль" басылымы.

Бүгінде адамзат смартфонсыз бір күнін де елестете алмайды.

Телефонын жиі қуат көзіне қоюға мәжбүр жандар оның қуаты әдеттегіден жылдам таусылатынын да байқап жатады.

Осы орайда сарапшылар, біріншіден, гаджеттің жұмыс уақытын көбейтуге, екіншіден, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға болатын тәсілдерді назарға ұсынды.

Ең алдымен, мамандар телефон толық сөніп қалғанға дейін күтпеуге кеңес берді - қуат деңгейі 40 пайыздан төмен болмауы керек.

Екіншіден, қуатталу деңгейі 80 пайызға жеткенде, құрылғыны қуат көзінен ажырату керек. Бұл аккумулятордың жұмыс істеу мерзімін ұзартады дейді мамандар.

Үшіншіден, телефонды түнде қуат көзіне қосқанша, күндіз бірнеше рет қуаттап алған дұрыс.

Төртіншіден, смартфондағы қосымшаларды жаңартып отыру керек. Себебі, кейде қосымшаны әзірлеушілер гаджет қуатының тез таусылуына әкелетін қосымшадағы қателіктерді түзеп, жаңартып жатады.

Бесіншіден, сарапшылар, телефон фонына күңгірт түсті сурет қоюға кеңес береді. Мұндай суреттер аз энергияны қажет етеді екен.

Алтыншыдан, орналасқан жеріңізді анықтау қызметін, виджеттерді, қажет емес хабарландыруларды өшіру де қуат мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Егер сізге шұғыл түрде қалған қуат мөлшерін үнемдеу қажет болса, ұшақ режимін қосып, экран жарығын төмендетуіңізге болады.

Смартфоныңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, қуаты тез таусылмауына көмектесетін 6 тәсіл

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.