Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше жерде орналасқан мейрамханалар

Опубликовано:

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Әлемде дәмді ас ішу үшін баратын мейрамханалар бар, сонымен қатар ерекше орында отырып, жарқын әсер алуға өмірде кем дегенде бір рет баруға тұрарлық мейрамханалар бар. Осы орайда BIG Picture әлемдегі ерекше тамақтану орындарын назарыңызға ұсынады.

Бұл мекемелер ерекше жерде орналасқандықтан, туристер арасында танымал орынға айналған.

Су астындағы мейрамхана

Ithaa Undersea Restaurant – Мальдив аралында орналасқан Conrad Maldives Rangali Island қонақүйіне тиесілі екі жекеменшік аралдың біріне жақын орналасқан су астындағы мейрамхана.

Мейрамхана - бес метр тереңдікте орналасқан. Мейрамхананың төбесі берік ашық акрилден жасалған, соның арқасында келушілер айналасындағы су асты әлеміне, жүзіп жүрген балықтарға және әдемі маржандарға таңдана алады.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Солтүстік шұғыласына қарайтын мейрамхана

Northern Lights бары - Исландияда, ION Hotel-ге тиесілі футуристік ғимаратта орналасқан. Әдетте бұл орынды тыныштық пен жалғыздыққа жаны құмар туристер таңдайды. Бұл бар оларға солтүстік шұғыласының сұлулығын кешкі астан бас алмай-ақ тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл ерекше құбылыстың керемет көрінісі мекеменің панорамалық терезесінен айқын көрінеді.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Әуе шарындағы мейрамхана

Нидерландыда әуе шарындағы CuliAir деп аталатын мейрамханада ауада қалықтап жүріп тамақтануға болады. Онда толық ас үй, аспаз және мұндай сауыққа батылы жеткен қонақтарға арналған 14 орын бар.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Үңгірдегі мейрамхана

Grotta Palazzese мейрамханасы (Апулия, Италия) кәдімгі үңгірдің ішінен бой көтерген. Террасадан Адриатика теңізін тамашалауға болады. Мекеменің қабырғалары мен күмбезі әктас күйінде қалған және барлық жиһаздар табиғи материалдардан жасалған, оның үстіне оны қоршаған ортаға сай етіп мұқият таңдаған.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Арыстаны бар мейрамхана

Дәмді ас ішіп, ұмытылмас әсер алғысы келетіндер Балидегі сафари саябағында орналасқан Tsavo Lion мейрамханасына міндетті түрде баруы керек. Бұл жер - қонақтар арыстанның, жолбарыстың, жирафтың және басқа да жануарлардың ортасында тамақтана алатын әлемдегі жалғыз орын. Әрине, қауіпсіздік мақсатында бөлме әйнекпен қоршалған.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Зираттардың ортасындағы мейрамхана

Үндістанның Ахмадабад қаласындағы New Lucky мейрамханасы ескі мұсылмандар зиратының ортасында орналасқан. Мұнда үстелдердің жанында жабық табыттар бар, алайда мұнда ешкім одан қымсынбайды. Керісінше, жергілікті тұрғындар қабірдің немесе табыттың жанында түскі ас ішу сәттілік деп санайды.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Қарлы мейрамхана

Бұл таңғажайып мекеме Финляндияның Кеми қаласындағы Snowcastle қонақүйінде орналасқан. Мейрамхананың ішінде мұздан жасалған үстелдер мен бұғының жүнімен көмкерілген орындықтар, сондай-ақ мұздан жасалған мүсіндер бар. Мейрамхана бір уақытта 100 адамды қабылдай алады, сондықтан тойлар мен банкеттер мұнда жиі өтеді.

Мейрамхана
Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898221-erekse-zerde-ornalasqan-meiramxanalar/