Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралуы алғаш рет бәсеңдеп келеді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлемде өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рет коронавирусты жұқтырудың ең төменгі апталық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді деп хабарлайды "Хабар 24".

Гебрейесустың айтуынша, жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан, індеттің таралуы бір айдан бері бәсеңдеп келе жатыр.

Ол бұған әр елдің коронавирусқа қарсы шара қолдануы әсер еткенін алға тартты.

"Қазір әлемде коронавирусты жұқтырудың апталық көрсеткіші екі есе азайды. Мысалы, қаңтар айының бас кезінде дүние жүзінде апта сайын вирусты 5 миллион адам жұқтырып келсе, ақпанның сегізіндегі есепте жеті күнде 2 миллион 600 мың дерек тіркеліпті.

Яғни көрсеткіштерді салыстыра келе індет қарқыны бәсеңдеді деп айтуға негіз бар. Демек шектеулер мен санитарлық талаптар тіпті жаңа штамдарға қарамастан оң әсер бергенін көрсетеді. Ендеше коронавирусты бақылауға алып, онымен күресуге әбден болады", - дейді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Халықаралық ұйым өкілдері саяхатшылардың еркін жүріп-тұруы үшін "коронавирус төлқұжатын" енгізу идеясына да тоқталып, бастаманы кейінге қалдыруға шақырды.

Бұл тұрғыда ұйымның төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райан бүгінде дертке қарсы вакцина барлығына бірдей қолжетімді еместігіне баса назар аударған.

Оның үстіне, екпе дерттің таралуына қалай әсер ететіні әлі толық зерттелмеген. Сол себепті, бұл мәселелер шешілмейінше, мұндай құжаттарды енгізу әлі ерте деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899149-ddsu-alemde-koronavirustyn-taraluy-algas-ret-basendep-keledi/

pixel