Автобусты көздің жауын алар үйге айналдырған жұп елді қызықтырып қойды
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырды деп хабарлайды boredpanda.com.
26 жастағы Чарли МакВикар мен 27 жастағы Люк Уокер үй салатын жер болғанына қарамастан, автобусты үйге айналдыруды ұйғарған.
Чарлидің әкесі Эссекстен оларға жер ұсынғанымен, олар автобус сатып алады.
"Біз саяхаттағанды ұнатамыз. Телешоудан түрлі ғимараттар мен көліктерді үйге айналдыру туралы бағдарламаны көріп, қайталауды ұйғардық. Ақыры екіқабатты автобусқа таңдауымыз түсті", - дейді Чарли.
Олар бір жыл бойы автобусты арманындағы үйге айналдыру үшін тынбай еңбектенген.
"Біз ипотекаға байланып отыруды қаламадық", - дейді Чарли.
Лондондық Go-Ahead Volvo Plaxton автобусын үйге айналдыруда олар жақындарының көмегіне жүгінген.
"Біз шығармашылық адамдары емеспіз, негізінен кеңседе жұмыс істедік, автобустың кейбір бөліктерін өзіміз жасай алмадық. Электр жүйесін, сантехникасын жасауда жақындарымыздың немесе мамандардың көмегіне жүгініп отырдық. Өзгелердің көмегінсіз мұны жасай алмас едік", - дейді Чарли.
Бірінші қабатта ас үй, әжетхана, жұмыс үстелі, қонақ күтетін орын қарастырылған.
Екінші қабатта ванна, төсек орны, гардероб бар.
Олар автобусты әкесінің жеріне қойып қойған. Тамаша тоғанның қасына жайғасқан ерлі-зайыпты екі ешкі ұстап, шаруашылықтарын дөңгелетуде.
Автобустың өзі небәрі 3470 долларға түскен, ал ондағы жөндеу жұмыстарына 20 830 доллар жұмсалыпты.
Олар бұл үйде өздерін бақытты сезінетінін алға тартты, ал өзге жұрт жастардың ерекше үйіне қызыға қарауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899633-avtobusty-kozdin-zauyn-alar-uige-ainaldyrgan-zup-eldi-qyzyqtyryp-qoidy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.