Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше көрікті автобус жүргізушісі жолаушылардың таңданысын тудырды

Опубликовано:

Ару
Фото: Caters News Agency

Ұлыбританияда ерекше көрікті автобус жүргізушісі көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды The Sun басылымы.

Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары 24 жастағы Джоди Ли Фоксты автобус басқарған әлемдегі ең көрікті жүргізушілердің бірі деп атаған.

Ару
Фото: Caters News Agency

Эссекс графтығындағы Брентвуд қаласында тұратын аруға жергілікті жұрт жұмысын ауыстыруды талай рет ұсынған екен. Бірақ ол өз жұмысын жақсы көретінін алға тартты. Бала кезінде автобусқа мінгенде, Джоди үнемі жүргізушінің қасына жақынырақ орын таңдайтынын есіне алды.

Ару
Скриншот: The Sun

Ол автобус жүргізушісі болуды кішкентайынан армандаған екен. Бұған дейін науқас жандарға қараушы болып жұмыс істеген ару үш жыл бұрын армандаған жұмысына ауысыпты. Енді ол зейнеткерлікке шыққанға дейін автобус жүргізуді жоспарлап отыр.

Ару
Фото: Caters News Agency

Джоди өзінің жасы мен сыртқы келбетіне бола, оған әріптестерімен достасу қиынға соғып жүргенін, десе де жолаушылардан әрдайым көптеген мақтаулар еститінін алға тартты.

Ару
Фото: Caters News Agency

"Автобусқа ер адамдар кіргенде, олардың дені "сіз сондай әдемісіз" немесе "мен мұндай сұлу автобус жүргізушісін өмірімде көрген емеспін деп жатады", - дейді Джоди.

Ару
Фото: Caters News Agency

Әйел жолаушылар болса, Джодидің маникюрін, шашын, макияжын ұнатып, мақтау жаудырады екен.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899744-erekse-korikti-avtobus-zurgizusisi-zolausylardyn-tandanysyn-tudyrdy-foto/

pixel