jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2 наурызда Қостанай облысының кейбір аумақтарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыстан, оңтүстік-батыстан жел болып, күндізгі уақытта оның жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, синоптиктер 2 наурызда Түркістан облысында тұман түседі деп отыр .

Өңірде батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді, дейді синоптиктер.

2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында да күндіз жаңбыр, қар жауады деп күтілуде. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскеменде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Семейде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

2 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

2 наурыз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.