Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

32 жыл бойы күнде тас жейтініне қарамастан, дін аман жүрген қария жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Тас жеу
Кадр: newsflare.com

Үндістанның Махараштра штатында 32 жылдан бері тас жейтін қария тұрады деп хабарлайды lenta.ru.

Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) алғаш рет тастың дәмін 1989 жылы татып көрген. Оның мұндай әрекетке баруына ауылдағы кейуаналардың бірінің кеңесі себеп болыпты. Ол тас жеу асқазанындағы ауырсынуларды басатынына сендірген екен.

Содан бері асқазаны тастың арқасында жазылып кеткеніне әбден сенген азамат күн сайын бір тастан жеп отыруды әдетке айналдырған.

Қария
Кадр: newsflare.com

Бүгінде Бодке 80 жаста. Қария бір күнде шамамен 250 грамм тас жейтінін айтады.

Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр.

Бір қызығы тас жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екеніне қарамастан, қария бүгінгі күнге дейін дін аман жүр.

Еске салсақ, бұған дейін алаңғасар шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойғанын жазған едік. Бұл жайт та Үндістанда болған.

Одан бөлек, 80 жыл шашын қимаған қария 5 метрлік бұрымының қасиетті екеніне сенетінін жазған болатынбыз. 92 жастағы Вьетнам тұрғыны Нгуен Ван Чин 12 жасынан бері шашына қайшы жолатпаған.

Нәтижесінде шашының ұзындығы бес метрге дейін жеткен. Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады.

Айтуынша, көп жасауының құпиясы - шашының ұзын болуында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902601-32-zyl-boiy-kunde-tas-zeitinine-qaramastan-din-aman-zurgen-qariya-zurtty-tanyrqatty/

pixel