jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шашын 15 жыл бойы қимаған ару жігіттерді өзіне ғашық етуде

Ару
Кадр: Caters Clips

Жапониялық бойжеткен шашының арқасында ерекше танымалдыққа ие болуда. Ол 15 жылдан бері шашын қимаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Рин Камбе есімді қолаң шашты бойжеткен туралы видеоны Caters Clips атты YouTube парақшасы жариялаған.

Қара түсті ерекше ұзын шашының арқасында Рин көпшіліктің ерекше назарына ілігіп, жігіттердің арманына айналған. Модельдікке бет бұрған Рин шашына 15 жыл бойы қайшы жолатпаған.

Ару
Кадр: Caters Clips

Буддизмге бет бұрғалы бері шашын өсіруді жөн санаған Рин бұл шешіміне еш өкінбейді. Себебі, ұзын шашы оны көптеген сұлу арулардың арасында ерекшелеп тұрады.

Бойжеткеннің шашы бүгінде 183 сантиметрге дейін өскен. Десе де, Рин ұзын шаш танымал болуға көмектескенімен, оның машақаты көптігін жасырмайды.

Ол күнде шашына түрлі қымбат жақпамайлар мен маскалар жағатынын, тіпті арнайы диета ұстануға мәжбүр екенін айтып, ағынан жарылды.

Айтуынша, тек қатаң режимнің арқасында оның шашы әдемі қалпында сақталуда.

Айта кетсек, бұған дейін Вьетнам тұрғыны 80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсіргенін жазған едік. Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады екен. Айтуынша, көп жасауының құпиясы - шашының ұзын болуында.

Одан бөлек, ресейлік ару әлемдегі ең әдемі қызғылт сары шашты қыз атанған еді.

Сырт келбетінің ерекше болуының арқасында Анджелина сұранысқа ие модельдердің бірі.

Шашын 15 жыл бойы қимаған ару жігіттерді өзіне ғашық етуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.