RU

"Ұсқынсыз түріне бола" жұмысқа тұра алмаған жігіт отадан кейін адам танымастай өзгеріп кетті

Жігіт
Кадр: TikTok / quyen_do8

Вьетнамда 26 жастағы жігіт "ұсқынсыз түріне бола" жұмысқа тұра алмағандықтан, бет-әлпетіне бірнеше рет пластикалық ота жасатқан деп хабарлайды odditycentral.com.

Ер жігіт бұл үшін тіпті 17400 долларын сарп етуден тайынбаған. Ол сымбатты азаматқа айналып, жақсы жұмысқа орналасқысы келгені соншалық, тоғыз рет ота жасатуға дейін барыпты.

Куйен есімді азаматтың бұлай істеуіне жұмыс берушілермен кезекті сұхбаттасуы әсер еткен екен. Жұмыс берушілер жігіттің "ұсқынсыз" екенін айтып, оны әбден мазақ етіп, жұмысқа алудан бас тартыпты.

Жігіт
Кадр: TikTok / quyen_do8

Жұмыс берушілердің сөзін жүрегіне жақын қабылдаған Куйен түрін түбегейлі өзгертуге бел буады. Ол ринопластика жасатып, иегін, ернін, тіпті көзін де пластикалық отаның көмегімен өзгертіп тастаған.

Жігіт
Кадр: TikTok / quyen_do8

Бүгінде жігіттің отаға дейінгі суреті мен отадан кейінгі суретін салыстырып қарасаңыз, екі суретте де Куйен екендігіне сену қиынға соғады.

Жігіт
Кадр: TikTok / quyen_do8

Хошимин қаласында тұратын Куйен қазір визажист. Ол түрін адам танымастай өзгерткеніне еш өкінбейді. Тіпті бүгінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазылушылар саны артқанын байқаған азамат өмірі жақсы жаққа өзгеріп жатқанын айтады.

Жігіт
Кадр: TikTok / quyen_do8

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік ару әлемдегі ең әдемі қызғылт сары шашты қыз атанғанын жазған едік. Бойжеткенді желіден байқаған мамандар оны бірден сән агенттігіне шақырған екен. Бүгінде ол - сұранысқа ие модель.

Қазір Анджелина танымал журналдардың мұқабасы мен белгілі брендертің жарнамасына түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902936-usqynsyz-turine-bola-zumysqa-tura-almagan-zigit-otadan-keiin-adam-tanymastai-ozgerip-ketti-foto/