Балаларынан екінші рет үйленуге рұқсат ала алмаған қария электр бағанына мініп алды (видео)
Жарияланған күні:
Үндістанда екінші рет үйленуді қалайтын қария балаларынан рұқсат ала алмағаны үшін өзіне қол салмақ болды деп хабарлайды indianexpress.com сайты.
Раджастан тұрғыны Собран Сингх төрт жыл бұрын әйелі қайтыс болғалы бері жалғыздықтан қиналып келген екен. Ақыры екінші рет үйленуді қалаған 60 жастағы қария балаларының ерекше қарсылығына тап болады. Олар әкесінің қайта үйленуіне түбегейлі қарсы екендерін айтыпты. Ақыры амалы қалмаған ақсақал үйленбесе электр тоғына түсіп, өзіне қол салатынын мәлімдейді.
Алайда қарияның ойы жүзеге аспай қалады. Себебі, жақындары жергілікті шағын станцияға хабарласып, бағандағы электрді сөндіре тұруын сұраған екен.
Бұдан хабарсыз болған Собран өзіне қол сала алмайтынын түсінгесін бағанның үстінде отыра беруін жалғастырады. Жас жігіттердің бірі оны бір сағат өткенде жерге түсуге әзер көндірген.
Отағасына балалары екінші рет үйленуге рұқсатын берген-бермегені белгісіз. Десе де ақсақал кез келген әйелге үйленуге әзір екенін жеткізді. Ол тек жалғыздықтан арылғысы келетінін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатында көптен күткен ұсынысқа ерекше қуанған бойжеткеннің видоесы көпшіліктің қызу талқысына түскенін жазған едік. Видеоны бір апта ішінде 64 мыңға жуық адам қарап үлгерген. Олар бойжеткеннің қуанышына ортқастып, түрлі мақтау пікірлерін жазған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903357-balalarynan-ekinsi-ret-uilenuge-ruqsat-ala-almagan-qariya-elektr-baganyna-minip-aldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.