Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісінің ұсынысына ерекше шаттанған ару жұрттың көңілін көтерді

Опубликовано:

Ұсыныс
Скриншот: ViralHog

АҚШ-тың Техас штатында көптен күткен ұсынысқа ерекше қуанған бойжеткеннің видоесы көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Facebook желісінің ViralHog атты парақшасында жария болған видеодан ер адамның тізерлеп ғашығына ұсыныс жасауға әрекеттеніп жатқанын байқауға болады.

Көптен күткен ұсынысқа қатты қуанған бойжеткен қуаныштан секіруге кіріседі. Арудың бұлайша қуануы жігітінің ғана емес, болашақ енесінің де ерекше таңданысын тудырған.

"Менің ұлым Техастағы Мустанг аралындағы жағажайда отбасылық демалыста сүйіктісіне ұсыныс жасады. Оның келісімін бергеніне бір жыл болды. Бүгінде олар сүйкімді ұл бала сүйіп отыр", - деп видеомен бөлісті бойжеткеннің енесі.

Видеоны бір апта ішінде 64 мыңға жуық адам қараған. Олар бойжеткеннің қуанышына ортқастып, түрлі пікірлерін жазған.

"Әдемі көрініс", "Менің ғашығым да ұсынысыма осылай қуанғанын қалар едім", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Десе де бойжеткеннің әрекетін сынағандар да табылды.

Еске салсақ, бұған дейін біз тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған өзге арудың неке жүзігін иті жұтып қойғанын жазған едік.

Одан бөлек, алғашқы кездесуде сүйіктісіне білместен ұсыныс жасап қойған жігіт ұятқа қалғанын жазған болатынбыз. Мұндай маңызды ұсыныстың аяқ асты жасалынуына жігіттің досы кінәлі болып шыққан екен. Ол осылайша орынсыз әзілдеуді ұйғарыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899176-suiiktisinin-usynysyna-erekse-sattangan-aru-zurttyn-konilin-koterdi-video/

pixel