Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда белгісіз тіршілік иесінің қаңқасы табылды (фото)

Опубликовано:

Сүйектер
Фото: facebook.com/Азиз Абдувалиев

Өзбекстанның Наманган қаласында үй аумағынан белгісіз тіршілік иесінің қаңқасы табылды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Бұл туралы журналист Азиз Абдувалиев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Қазба орнына сүйектердің қай түрге жататынын зерттеу үшін ғалымдар келді", – делінген хабарламада.

Сүйектер табылған орын
Фото: facebook.com/Азиз Абдувалиев

Сүйектер табылған орын
Фото: facebook.com/Азиз Абдувалиев

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстанның Қызылқұм жазығы Жарақұдық ауылы маңынан осыған дейін белгісіз болып келген динозаврдың жаңа түрінің қаңқасы табылған еді.

Вашингтондағы Смитсон институтының палеонтологы Ханс-Дитер Сьюз бен Ресей ғылымдар академиясының мүшесі Александр Аверьянов табылған динозаврдың түрін Dzharatitanis kingi (қысқартқанда D. kingi) деп атаған.

Бірінші сөз Қызылқұм жазығы Жарақұдық ауылының атауынан алынған. Себебі динозаврдың қалдығы осы жерде табылған. Екінші сөз ғалымдарға көмектескен марқұм Кристофер Кингтің атымен аталып отыр.

Ғалымдардың пікірінше, D. kingi омыртқалы зауроподтар-rebbachisaurid тобының ерекше түріне жатады. Осыған дейін динозаврдың мұндай ерекше түрі Солтүстік Африка, Еуропа және Америкада табылған.

Ал Өзбекстанда өмір сүрген түрінің көлемі екіқабатты екі автобусқа парапар екен.

Сонымен қатар Ақмола облысы Бұланды ауданынан ерте замандағы жануардың сүйегі табылған болатын.

Ұзындығы бір метрден асатын сүйекті мамандар "мамонттікі" деп болжап отыр. Жалпы бұл жануардың қаңқасы осы аймақтан бұрын да табылған. Бірақ дәл осы Бұланды ауданының аумағынан бірінші рет кездесіп отыр екен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903475-ozbekstan-belgisiz-tirsilik-iesinin-qanqasy-tabyldy-foto/

pixel