jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тараз әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

Тараз қаласы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қала тұрғындарына үндеу жасады. Шаһарды көркейтуге бағытталған бірқатар бастамаларға қолдау білдіруді сұраған қала басшысы үндеуінің толық мәтінін назарға ұсынамыз.

"Құрметті тараздықтар!

Бәріміз таза, жасыл желекті және қауіпсіз қалада өмір сүргіміз келеді. Шаһардың көркі мен тазалығын сақтау қала әкімшілігіне жүктелгенімен, әрбір саналы азамат өзі тұратын ортаның таза, әрі қолайлы болуына үлес қосуы керек.

Тараз күн сайын көркейіп, аллеялар мен демалыс орындары көбейіп келеді. Көгалдандыру жұмыстарына да мән беріліп, жасыл желектер мен гүлдер егіледі.

Алайда, Тараз қаласының өзіне тән сәулеті мен келбетін жөнсіз ілінген жарнамалар мен заңсыз орын тепкен нысандар бұзып тұр.

Осы орайда, әкімдік қала сәулетін біркелкі етуді қолға алады. Сіздерді ғимараттардың сырты мен жарнама құралдарын орналастырғанда біркелкі үлгіні ұстануға шақырамын.

Құрылыс компаниялары мен өңірдің кәсіпкерлері жаңадан салынып жатқан нысандардың көріксіз қоршауларын ретке келтіргені жөн.

Қаланы жайлы ету үшін "қақпасыз қала" қағидасы негізінде мекеме сыртындағы қақпалар мен қоршаулар алынып, сәулеттік жоба бойынша бірізділікке көшіріледі.

Туған қаласына шын жанашырлық танытатын тұрғындар осы игі бастамаларға қолдау білдіріп, шаһардың шырайын ашуға өз үлестерін қосады деген сенімдемін", - деп қалалықтарға үндеу жолдады әкім.

Тараз әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.