Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стив Джобстың 1973 жылы жазған түйіндемесі 94,7 млн теңгеге сатылып кетті

Опубликовано:

Стив Джобс
Стив Джобс. Фото: Tim Mosenfelder/Getty Images

Америкалық Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың жұмысқа тұру үшін толтырған анкетасы аукционда бірнеше миллион теңгеге сатылып кеткен деп хабарлайды Lenta.ru.

Ұлыбританияда 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткен аукционды Charterfields компаниясы ұйымдастырған. Әлемге әйгілі кәсіпкердің түйіндемесі 162 мың фунт стерлинге (шамамен 95 млн теңгеге жуық) сатылған. Сатып алушының есімі құпия болып қалған.

Басылымның жазуынша, Джобс 1973 жылы құжаттың бір парағын өз қолымен толтырған екен. Болжам бойынша милиардер түйіндемені АҚШ-тың Портленд қаласындағы Reed College университетін тастап кеткеннен кейін жазған.

Сонымен бірге екі жылдан кейін Стив Джобстың Atari компаниясына техникалық маман болып жұмысқа тұрғаны айтылады.

Түйіндемедегі "арнайы қабілет" деген бөлікте Джобс "компьютерлер және калькуляторлармен жұмыс істегенін" жазған. Сондай-ақ электрондық технологиялар және сандық дизайн бойынша дағдыларға ие екенін көрсеткен. Одан бөлек, ол ағылшын әдебиетіне қызығушылығы бар екенін атап өткен.

Стив Джобстың түйіндемесі
Фото: BidSpotter.co.uk

Еске сала кетсек, америкалық поп әнші Майкл Джексонның қолғабы Техаста өткен аукционда 104 мың долларға сатылған еді.

Поп музыканың патшасы жылтыр тастармен безендірілген қолғабын 1987 жылдың қыркүйегінен бастап 1989 жылдың қаңтарына дейін жалғасқан Bad Tour атты жеке әрі алғашқы концерттік турында киген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904812-stiv-dzobstyn-1973-zyly-zazgan-tuiindemesi-947-mln-tengege-satylyp-ketti/

pixel