Үш апта бойы кәріз жүйесінен шыға алмаған әйел ғажайыптың күшімен аман қалды
Жарияланған күні:
АҚШ тұрғыны кәріз жүйесінде адасып кетіп, үш апта бойы сыртқа шыға алмаған. Абырой болғанда, оны кездейсоқ байқап қалған жандар көріп, құтқарушыларды шақырған деп хабарлайды ABC-7.
Флорида штатының Делрей-Бич қаласында тұратын әйел нөсер суына арналған кәріз жүйесіне түсіп, қайта шыға алмай қалған.
23 наурыз күні жер астынан әйелдің айқайын естіген куәгерлердің бірі құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 43 жастағы әйелдің кәріз жүйесінен шыға алмай отырғанын аңғарған.
Әйелді кәріз жүйесінен алып шығу үшін құтқарушыларға саты мен қауіпсіздік белбеуінің көмегіне жүгінуге тура келген.
Нәтижесінде ол аман-есен қауіпсіз жерге шығарылып, емханаға жеткізілген. Дәрігерлер әйелдің сусыз әбден әлсіреп қалғанын айтуда.
Белгілі болғандай, АҚШ тұрғының жоғалғанын алғаш болып оның сүйіктісі байқаған екен. Ол 3 наурызда ғашығы із-түзсіз кеткенін айтып, полициядан көмек сұрапты. Ол әйелді соңғы рет үйінің қасындағы каналда шомылып жатқан кезінде көргенін де айтқан.
Ал құтқарылған әйел канал маңындағы кәріз жүйесіне апаратын есікке қызығып, ішінде біраз серуендегісі келгенін айтады. Ақыры кәріз жүйесінен қайта шығатын есікті таба алмай, жоғарыдан жарық түсіп тұратын жерде отырып, үш апта бойы көмекке шақырған екен.
Әйелдің анасы болса, қызының есірткі заттарына тәуелділік салдарынан түрлі ақылға қонымсыз әрекеттерге баратынын алға тартып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905268-us-apta-boiy-kariz-zuiesinen-syga-almagan-aiel-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.