Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әппақ шашын бояудан бас тартқан әйел желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Әйел
Фото: instagram.com/p/CGke0PEMSW7

АҚШ-тың Калифорния штатында ақ шашын бояудан бас тартқан әйел әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, 40 жастағы Уитни Лихти жоғары сыныпта оқып жүргенде-ақ басынан ақ шаш тауып алған. Осыдан кейін америкалық әйелдің өз-өзіне деген сенімділігі жоғала бастаған. Айналасындағылардың сөзінен қорыққан ол шашын үш апта сайын бояйтын болған.

Алайда бірнеше уақыт өткеннен кейін келіншек мәселені құрбысымен талқылап, көпшіліктің пікіріне құлақ асудың қажеті жоқ екенін ұғынған.

Осылайша, Лихти шашын бояуды тоқтатып, өзінің қартаю процесін Instagram желісінде көрсететін әйелдерден шабыт алған.

"Мен өзінің шынайы келбетін көрсетуден қорықпайтын көптеген адамның бар екенін түсіндім. Өмірімнің қуанышты да, қайғылы да сәттерін бөлісе отырып, осы қоғамдастықтың бір бөлігі болғым келеді деп шештім", - дейді Уитни Лихти.

Қазіргі уақытта Лихтидің Instagram парақшасына 39,2 мың адам жазылған.

"Өзіңізді жақсы көріңіз және шыдамды болыңыз. Өзіңізді бақытты ететін нәрсені жасап, басқалардың не ойлайтынына бас қатырмаңыз", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін шашын 15 жыл бойы қимаған жапониялық ару туралы жазған едік. Бойжеткеннің шашы бүгінде 183 сантиметрге дейін өскен.

Десе де, ару ұзын шаш танымал болуға көмектескенімен, оның машақаты көптігін жасырмайды. Ол күнде шашына түрлі қымбат жақпамайлар мен маскалар жағатынын, тіпті арнайы диета ұстануға мәжбүр екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905682-appaq-sasyn-boyaudan-bas-tartqan-aiel-zelide-zuldyz-boldy/

pixel