Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иммунолог тек мұрынды жабатын маска ойлап тапты

Опубликовано:

Маска
Кадр: Inside Edition

Мексикалық иммунолог тек мұрынды жабатын оғаш маска түрін ұсынды деп хабарлайды Inside Edition басылымы.

Мексикада тұратын иммунолог Густаво Акоста маска тағып, тамақтану орындарына баратын жандар үшін арнайы маска ойлап тапқанын алға тартуда.

Айтуынша, бұл маска әдеттегі бетперделердің орнын толықтай алмастыра алмайды. Десе де, сусын ішу немесе жүрек жалғау кезінде оның маскасы таптырмас көмекші болатынына сенімді.

Себебі, маска тек мұрынды ғана жауып тұрады. Бұл өз алдына емін-еркін тамақтануға мүмкіндік береді. Ал маска вирустың мұрын арқылы еніп кетуіне кедергі келтіретін болады.

Густавоның маскасын әсіресе егде жастағы азаматтар арасында ұнатқандар баршылық. Олар маска коронавирустың алдын алатынына сенімді.

Еске салсақ, бұған дейін израильдік Avtipus patents and inventions компаниясының өнертапқыштары тағып алып ас ішуге болатын медициналық бетперде ойлап тапқанын жазған едік.

Олар кәдімгі медициналық масканың дизайнын өзгертіп, оған автоматты түрде немесе механикалық түрде ашылатын, адамға тамақ жеуге мүмкіндік беретін механизм енгізген екен.

Одан бөлек, Жапонияда ғалымдар бассейндер ашылып, суға түсуге рұқсат берілгендіктен, арнайы қорғаныс бетпердесін ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Қазіргі уақытта бұл бетперделерге деген сұраныс еселене түсуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906234-immunolog-tek-muryndy-zabatyn-maska-oilap-tapty-video/

pixel