Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбилерге маникюр қызметін ұсынған келіншек жұрттың ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Тырнақ
Фото: Reddit

Өз баласына маникюр жасап жүрген келіншек өзгелердің сәбилеріне де маникюр қызметін ұсынамын деп басы бәлеге қалды деп жазады The Sun басылымы.

Сәннен қалғысы келмеген келіншек Facebook желісінде нәрестесіне ұзын тырнақ жалғап, әдемі маникюр жасағанымен мақтанбақ болады. Ол баласының тырнағын суретке түсіріп көпшілік назарына ұсынады.

Тіпті, осындай қызмет түрін ақылы түрде өзге нәрестелерге ұсынуға әзір екенін жазған оның жазбасы көпке жақпай қалды.

Ол бұл қызметті сапалы әрі арзанға жасайтынына сендіруге тырысқанымен, желі қолданушылары келіншекке сын-пікірлер жаудырған.

Олар сәбиде тырнақ бояулары мен желімнен аллергия туындауы мүмкін екенін, оның үстіне ұзын тырнақпен нәресте өзін жарақаттап алуы ғажап еместігін айтып, жарыса пікір қалдырған.

Десе де, кейбірі келіншектің суреттері фотошоп болуы мүмкін екенін алға тартып, оның бұл жазбасына сенбейтіндерін жеткізді. Олар анасы өз баласын сән үшін осылай "қинамауы тиіс" деген пікірде.

Тырнақ
Фото: Reddit

Еске салсақ, бұған дейін де Ұлыбританияда сәбиіне ұзын тырнақ жабыстырған ана көпшіліктің ашуын келтіргенін жазған едік.

Дегенмен әйелді жақтағандар да табылды. Олар анасы баласымен көңіл көтергенінде тұрған ешетеңе жоқтығын алға тартқан.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, аналарға кішкентай балалардың тырнағын уақытылы алып отыруға кеңес береді. Себебі тырнағы ұзын нәресте өзін жарақаттап алуы мүмкін дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906250-sabilerge-manikyur-qyzmetin-usyngan-kelinsek-zurttyn-asuyn-keltirdi-foto/

pixel