jitsu gif

Күйеуге шықса да, әпкесімен бір төсекте жататын ару жұртты таңырқатты

Арулар
Фото: TLC

АҚШ-та күйеуінен бөлек әпкесін де қойнына алып, бір төсекте жатуды әдетке айналдырған ару көпшіліктің таңданысын тудыруда деп жазады The Sun.

АҚШ-та тұратын әпкелі-сіңлілер Брук пен Бэйли бір-біріне жақын болғаны соншалық, олар өздерін бір есіммен атайды және әр минутын бірге өткізуге тырысады.

Қыздар бірдей киім киіп, бірдей гигиеналық құралдарды пайдаланады, тіпті бірі тұрмысқа шығып үлгергеніне қарамастан бір төсекте ұйықтайды. Олардың бұл әрекеттері көпшіліктің таңданысын тудыруда.

Арулар
Фото: TLC

Бірдей киінгендеріне қарап көбі оларды егіз деп қалып жатады екен. Өздеріне Кэндис деген ортақ есім қойып алған арулар тіпті бір тіс щеткасын пайдаланғанды жөн санайды.

Арулар
Фото: TLC

Бір бөлмеде, бір төсекті бөліп жататын әпкелі-сіңлілерге, тіпті Бруктың күйеуі сөзін өткізе алмауда.

Ол жарымен ғана емес, оның әпкесімен де төсекті бөлуге мәжбүр болып отырғаны көптеген ыңғайсыздықтар тудыратынын жасырмайды.

Арулар
Фото: TLC

Әйелінен әпкесін бөлек шығаруды сұраған күйеуі оның ағыл-тегіл жылап қоя беретінін айтуда.

Арулар
Фото: TLC

Оғаш отбасы америкалықтардың назарына ілігіп, көпшіліктің қызу талқысына түскен. Тіпті әпкелі-сіңлілердің бір-бірін жақын тарту жағдайын деректі фильмде көрсету ұйғарылған екен.

Арулар
Фото: TLC

Еске салсақ, бұған дейін қайын ағасымен бәстескен колумбиялық жігіт төсін үлкейтіп тастағанын жазған едік. Ол осылайша өз сөзінде тұрған туысына қолдау көрсеткісі келген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.