Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзындығы 7 метр болатын фата таққан қалыңдық рекордтар кітабына енді (видео)

Опубликовано:

Қалыңдық
Кадр: Instagram / guinnessworldrecords

Кипр тұрғыны әлемдегі ең ұзын фатаның иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды lenta.ru.

Мария Параскева ұзындығы 6962 метрге жететін фата таққан.

"Ең ұзын фата таққан қалыңдық ретінде Гиннестің рекордын жаңартуды бала кезімнен армандап келдім. Маған шамамен алты сағат пен 30 еріктінің көмегі қажет болды. Олар фатаны ұзынынан жазып қоюға көмектесті", - дейді Мария.

Гиннес рекордтар кітабы ресми Instagram парақшасында ең ұзын фата бейнеленген видеомен бөліскен. Видео 25 мыңнан астам лайк жинап үлгерген.

Ерекше ұзын фатаны той күнінде тағуды ұйғарған Марияға бірі мақтауларын жаудырса, енді бірі керісінше сын-пікір қалдырған.

"Таңғаларлық", "Бір алаңды жабуға жетерлік ұзындық", "Өте ұзын екен", "Қаншама мата текке кетті", "Күйеуінің жүйкесін тоздырған болар", - дейді пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін той қонақтарына алып торт ұсынған жас жұбайлар жұртты таңырқатқанын жазған едік.

Одан бөлек, ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене желі қолданушыларының сынына ұшырағанын жазған болатынбыз.

Желіде жарияланған суреттен той көйлегін киген екі әйел мен бір күйеу жігіт бейнеленгенін көруге болады. Егер ер адам қалыңдығының белінен ұстап тұрмаған болса, көпшлік екі қыз бір жігітке тұрмысқа шығып жатыр деп ойлап қалуы мүмкін еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906439-uzyndygy-7-metr-bolatyn-fata-taqqan-qalyndyq-rekordtar-kitabyna-endi-video/

pixel