Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйленейін деп жүрген ағасын сүйіктісінен айырғысы келген әйел жұртты ашуландырды (фото)

Опубликовано:

Ғашықтар
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ қосымшаларының бірінде оғаш жазба қалдырған әйел көпшіліктің ашуын келтірді. Ол ағасын қалыңдығынан ажыратуға көмектесетін адам іздеп жүргенін жазған деп хабарлайды The Sun басылымы.

АҚШ-тың Bumble атты қосымшасында жария етілген жазба көпшіліктің қызу талқысына түскен.

Жазбада әйел ағасы мен қалыңдығының суретін жария етіп, жаңадан түсейін деп жатқан келінді жақтырмайтынын жазған. Ол ағасын ғашығынан айырып, екеуінің ортасына түсуге әзір жігітті іздестіріп жатқанын ашығынан жазады.

Жазбадағы сурет
Әйелдің ағасы ғашығымен бірге. Фото: Bumble

Осылайша, әйел "тойды болдырмай тастауға көмектесетін азаматқа ақша төлеуге әзір екенін" де алға тартыпты.

Бұл хабарландыру бойынша өз қызметін ұсынған жігіттер бар-жоғы белгісіз. Десе де жазбаға сын-пікір жаудырғандар баршылық.

Олар туған ағасын өзге арудан қызғанып отырған әйелді жерден алып, жерге салған. Пікір қалдырушылардың дені екі жастың ортасына түсуге болмайтынын, өзгенің отбасын ойрандау дұрыс еместігін жарыса жазуда.

Десе де, ағасының суретіне дейін жария етуге тайынбаған әйел бұл сөздерге құлақ аса қоймайтын сыңайлы.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында қарындасының сүйіктісін ұрған ағайындылар 6 жылға шартты түрде сотталғанын жазған едік.

Олар қарындастарымен байланысқа түскен жас жігіттің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп табылды. Сотта айыпталушылар айыбын толықтай мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906486-uileneiin-dep-zurgen-agasyn-suiiktisinen-aiyrgysy-kelgen-aiel-zurtty-asulandyrdy-foto/

pixel