Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді тірідей жерлеймін": Сайлауға түсіп жатқан үміткер көпшілік алдында табытқа жатты (видео)

Опубликовано:

Табыт
Кадр: Twitter / Salvador García Soto

Мексикада саясаткер сайлауалды уәделерін орындамаса өзін тірідей жерлейтінін мәлімдеп, көпшілік алдында табыттың ішіне жатып көрді деп хабарлайды "УНИАН" ақпараттық агенттігі.

Депутатқа үміткерлердің бірі болып табылатын мексикалық саясаткер Карлос Майорга сайлаушылармен кездесуге табыт ала келген.

Ол көпшіліктің көзінше табытта жатып сөз сөйлеуді жөн санаған.

Оғаш жағдайдың видеосын журналист Сальвадор Гарсия Сото өз Twitter парақшасында жария етті.

Жергілікті El Universal басылымының ақпаратына сенсек, саясаткер сайлауалды кампания барысында Хуарес қаласының "жерлеуін" ұйымдастырған. Ол "өлі қаланың" рөлін жеке өзі сомдап, табытқа жатып көруден де тайынбаған.

Саясаткер АҚШ-пен шекаралас жатқан қаланың "басынан өткерген қиындықтарын" сөз етіп, арнайы "жоқтаушылар" қаланың "қазасына" байланысты қайғыға толы көңіл-күйді барынша көрсетуге тырысады.

Іс-шара соңында Майорга табыттан шығып, Хуареске "жан бітіруге" уәде береді. Ол сайлауалды уәделерін орындай алмаса, өзін тірідей жерлеуге сөз берді.

Еске салсақ, бұған дейін Таиландта премьер-министр өзіне сауал қойған журналистерге антисептик шашқанын жазған едік. Ол алдыңғы қатарда отырған журналистерге залалсыздандыратын құралды шашып шыққан. Осылайша премьер-министр БАҚ өкілдеріне өз істерімен айналысуға кеңес берген.

Одан бөлек, Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік әйел жұмысынан қуылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906892-sailauga-tusip-zatqan-deputat-eger-uadesin-oryndamasa-ozin-tiridei-zerleuge-soz-berdi-video/

pixel