Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңімпаз жасөспірім қызға үйленеді: Ерлер арасында оғаш байқау өткізетін тайпа туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Африка құрлығының Нигерия, Камерун, Чад аймақтарында Водаабе атты көшпенді тайпа мекендейді. Бұл тайпа әлемге ерекше сұлулық байқауын ұйымдастыруымен танымал. Байқауға тайпаның ең сымбатты деген жігіттері қатысып, жасөспірім қыздар өзінің болашақ жарын таңдайды деп жазады bigpicture.ru.

"Гереволь" деп аталатын ерлер арасында өтетін байқауда жасөспірім қыздар болашақ жарын таңдап қана қоймай, тайпадағы ең сымбатты ер адамды анықтайды.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Байқауға қатысатын ерлер бетіне бояу жағып, тісі мен көзінің ағын барынша айқын көрсетуге тырысады (тайпадағы арулар көбіне тістің ақтығына ерекше мән береді).

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Сондай-ақ, жігіттер шашын өріп, әшекей тағып, ең әдемі киімін киіп шығады. Олар осылайша тайпа аруларының назарын аударып, жеңіске жетуді мақсат етеді.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Байқауды негізінен көпшілік құстар арасындағы "неке биіне" ұқсатып жатады.

Айта кетерлігі, байқаудың "гереволь" деп аталуы да бекер емес. Бұл тайпаның байқау кезінде орындайтын биінің атауы.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Би бірнеше сағатқа созылады. Бұл уақытта ер азаматтар бет-әлпетін сан құбылтып, көзін барынша ойнақшытуға тырысады.

Тайпа арулары жігіттің тісінің ақтығынан бөлек, оның арықша келгеніне және бойының ұзын болуына ерекше мән береді. Сол себепті, жігіттер биік бас киім киіп алады.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Водаабе тайпасында ерлерге де, әйелдерге де бірнеше рет неке қиюға рұқсат етілген. Сол себепті, үйленген азаматтар да байқауға қатыса береді.

Әйелдері күйеуін ұнатпаса, басқа азаматқа қайтадан тұрмысқа шыға алады. Ал ер адамдарға тек төрт әйел алуға рұқсат берілген. Оның өзінде төрт әйелін де қамтамасыз ете алатындай жағдайы болуы керек.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Тайпа мүшелерін 2019 жылы суретке түсірген ирландиялық фотограф Тревор Коул тайпадағы жігіттердің өз келбетіне ерекше мән беретініне назар аударған. Олар қолынан айнасын тастамай, әр таңын сәнденуден бастайды екен.

Тайпа
Фото: MediadrumImages / Trevor Cole

Одан бөлек, тайпа өкілдері елден ерекшелену үшін бет-жүзіне тыртық салуды әдетке айналдырған.

Сонымен қатар Водаабе тайпасында ер адамдардың шашының ұзын болуы сымбаттылықтың бір белгісі саналады. Сондықтан олар басын жартылай ғана тақырлап, қалған шашын ұзын қылып өсіріп, өріп қояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1909698-zenimpaz-zasospirim-qyzga-uilenedi-erler-arasynda-ogas-baiqau-otkizetin-taipa-turaly-ne-bilemiz/