jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Үй шаруасын 30 жыл дөңгелеткен әйелімен ажырасқан ер адамның басы бәлеге қалды

Әйел
Көрнекі сурет: pixabay.com

Португалияда отыз жыл бірге тұрған әйелімен ажырасқан ер адамның басы бәлеге қалды. Сот оны бұрынғы әйеліне қыруар қаражат төлеуге міндеттеген деп хабарлайды odditycentral.com.

Ажырасқаннан кейін сотқа шағыммен жүгінген әйел жылдар бойы күйеуінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, барлық үй шаруасын өзі дөңгелетіп келгені үшін өтемақы талап еткен.

Ол бұрынғы күйеуі отыз жылға созылған отбасылық өмірі барысында жетістіктерге жетіп, табысы еселенгенін алға тартқан. Айтуынша, бұған бірден бір себеп - әйелдің үй шаруасын толықтай өз мойнына алуы.

Нәтижесінде сот әйелдің шағымын қанағаттандырып, оның өтемақы алуға толықтай құқы бар деген тоқтамға келген.

Соттың шешіміне сәйкес, ер адам бұрынғы әйеліне 60 мың еуро (шамамен 30 млн теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетерлігі, сот өтеамқыға дәл осындай соманы жайдан-жай бекітпеген. Бұл елдегі еңбек ақысының минималды көлемін 12 айға және отбасылық өмірдің отыз жылына көбейткендегі сома болып табылады екен.

Шыққан соманың үштен бір бөлігі әйелдің өз шығындары есебінде жалпы сомадан алып тасталған.

Еске салсақ, бұған дейін Бейжіңде ажырасу процесі барысында сот ер азаматқа бес жыл бірге тұрған бұрынғы әйеліне үйде істеген жұмыстары үшін 50 мың юань (3 млн теңге) төлеуді міндеттегенін жазған едік.

Бұл оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсіп, пікірталас тудырған.

Үй шаруасын 30 жыл дөңгелеткен әйелімен ажырасқан ер адамның басы бәлеге қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.