Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақылды ит бұтақтардың ішінен анасы тастап кеткен жаңа туған нәрестені тауып алды

Опубликовано:

Ит
Фото: birminghammail.co.uk

Ұлыбританияның Бирмингем қаласы Уэст-Мидлендс графтығында хаски тұқымдас үй төбеті саябақтан жаңа туған нәрестені тауып алып, сәбиді аман алып қалған деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұл оқиға 22 сәуір күні орын алған. Терри Уолш есімді инженер жергілікті саябақтардың бірінде иті Хелмен бірге серуендеген.

Бір мезетте төбет бұталардың ішінен жаңа туған нәрестені тауып алып, оны мұрнымен ақырын итерген. Осы кезде шарана қатты жылаған. Баланың дауысын естіген Уолш тез арада медициналық қызметкерлерді шақыртыпты.

Ақ халаттылар сәбиді ауруханаға жеткізіп, оған тиісті көмекті көрсеткен. Дәрігерлер баланың бірнеше сағат бұрын ғана өмірге келгенін анықтапты.

Уолштың сөзінше, егер Хел болмағанда басқа бір ит абайсызда немесе қасақана балаға зиян келтіруі мүмкін еді. Одан бөлек, саябақта түлкілер мен тышқандар да бар екен.

"Баланың тірі болғаны үшін құдайға алғыс айтамын, өйткені бәрі бұдан да жаман болуы мүмкін еді. Оның өліп кетуі мүмкін еді", - дейді Хелдің иесі.

Уэст-Мидлендс полициясы баланың анасын іздеу жұмыстарымен айналысуда. Жаңа босанған оған медициналық көмек қажет болуы ықтимал. Куәгерлер көкек ананы 20 жастан асқан ақсары қыз деп сипаттаған.

Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында жатыр. Оның жағдайы жақсы.

Еске сала кетсек, АҚШ-та иесімен бірге серуенге шыққан ит ер адамның өмірін аман алып қалған еді.

Аяқ астынан ер адамның денсаулығы нашарлағанын білген ит жақын маңдағы үйге жүгіріп барып, ондағы тұрғындарға иесінің бірдеңге тап болғанын сездірген. Олар оқиға орнына барып, тез арада жедел жәрдем шақыртқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910308-aqyldy-it-butaqtardyn-isinen-anasy-tastap-ketken-zana-tugan-naresteni-tauyp-aldy/

pixel