Әлемдегі ең ұзын аспалы жаяу жүргіншілер көпірі ашылды (фото, видео)
Жарияланған күні:

Португалияда әлемдегі ең ұзын аспалы жаяу жүргіншілер көпірі ашылды деп хабарлайды Lenta.ru.
Ұзындығы 516 метр болатын көпір Арока саябағындағы Пайва өзенінде 176 метр биіктікте орналасқан.
Аспалы көпірді болат арқан мен екі алып V пішінді мұнара ұстап тұр.
Ал таянышы мен тақтайы қатты тордан жасалған, сол себепті келушілер аяғының астанынан шатқалды көре алады. Көпірден толық жүріп өту үшін 10 минут уақыт кетеді.
Португалиялық студия жобасын жасаған көпір құрылысы екі жылға созылып, 2020 жылдың шілдесінде аяқталған. Алайда пандемия салдарынан ашылуы бір жылға шегерілген. Көпірдің құрылысына 2,3 миллион еуро жұмсалған.
Көпір барлық келуші үшін 3 мамырда ашылады. Дегенмен жергілікті тұрғындар бұл көпірмен жүріп өткен. Олар көпірге аяқ басқанда қорыққандарын жасырмайды.
Жергілікті биліктің айтуынша, көпірге инженерия мен табиғатқа қызығатындар және экстремалды ұнататындар келеді.
Айта кетсек, Арока саябағы спорттың экстремал түрін ұнататындар арасында танымал.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жағалау маңында жаңа демалыс орны пайда болатынын жазған едік.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылында Есіл өзенінің жағалауындағы көпірдің астында көлеңкелі қалқалар, балалар алаңы, демалуға арналған аймақ, қойылымдар/концерттер мен шығармашылық эксперименттерге арналған импровизацияланған сахна, тамақтану орындары және т.б. ашу жоспарда бар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910573-alemdegi-en-uzyn-aspaly-zayau-zurginsiler-kopiri-asyldy-foto-video/