Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Легенге отырып, той кортежін ұйымдастырған жас жұбайлар көптің көңілін көтерді

Опубликовано:

Жас жұбайлар
Көрнекі фото: dysha.info

Оңтүстік Джакартада жас жұбайлар су тасқынына қарамастан үйлену тойын өткізді. Оғаш той кортежінің видеосын Viral Press YouTube каналы жария еткен.

Дәл үйлену тойы өтер алдында су тасқыны болса да, күйеу жігіт пен қалыңдық қиындықтан шығудың жолын оңай тапқан. Салтанатты рәсім өтетін жерге жету үшін белшесінен су кешкісі келмеген оларға туыстары мен достары көмекке келген.

Жақындары қос ғашықты легенге отырғызып, жігіт пен қызды діттеген жерге дейін жеткізген. Тіпті, туыстарының бірі қалыңдыққа жаңбыр тимес үшін оның үстінен қолшатыр ұстап жүрген.

Кортеж аса салтанатты болмаса да, көпшіліктің езуіне еріксіз күлкі үйірді. Бейнежазба ақпан айының соңында түсірілсе де, ғаламтор бетінде жақында ғана жарияланған екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанда сүйіктісінің көбейту кестесін білмегені үшін үйлену тойынан бас тартқан қалыңдық туралы жазған едік.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, неке қиятын сәтте қалыңдық күйеу жігіттен 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуді сұраған.

Алайда ер адам бойжеткеннің бұл сынынан өте алмапты. Осыдан кейін қалыңдық кесте білмейтін азаматқа тұрмысқа шығудан бас тартқан.

Сонымен бірге, Қытайда қалыңдығына оғаш сыйлық берген жігіттің үйлену тойы болмай қалғанын хабарлаған едік. Қалыңдық ғашығының төстартқыш сыйлағанына бола қатты ашуланып, тойға келуден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911900-legenge-otyryp-toi-kortezin-uiymdastyrgan-zas-zubailar-koptin-konilin-koterdi/

pixel