Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сұлу ару деп танылған бойжеткен туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Ару
Фото: Instagram / andreamezamx

Бразилия мен Перу аруын шаң қаптырып, "Әлем аруы - 2020" байқауында үздік деп танылған мексикалық ару Адреа Меза туралы бірқатар қызықты ақпаратты KAZ.NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

26 жастағы Андреа Меза әлемнің 73 аруының арасында ең сұлуы деп танылып отыр.

Шетел бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған мәліметтерге сенсек, Меза бағдарламашы мамандығын бітірген. Бойжеткен байқау барысында нағыз сұлулық тек сыртқы келбетте ғана емес, ішкі жан-дүниеде екендігін сөз етіп, әр бойжеткен өзін бағалай білуі тиіс екендігін алға тартады. Осылайша, сұлулық стандарттарын қалай өзгертуге болады деген сұраққа ұтқыр жауап қайтарған ару төрешілерді тәнті еткен.

Меза - әйел құқықтары бағытындағы белсенділердің бірі, ол Әйелдердің муниципалдық институтымен бірлесе жұмыс атқарады.

Одан бөлек, ару сертификаты бар визажист әрі модель болып табылады. Бойжеткен экстремалды спорт түрлері мен кроссфитке ерекше қызығушылық танытады. Ол сонымен қатар Чиуауа қаласының туристік бренд-амбассадоры.

Еске салсақ, бұған дейін біз мексикалық бойжеткен "Әлем аруы-2020" байқауының жеңімпазы атанғанын жазған едік.

Бойжеткенге тәжді 2019 жылғы байқаудың жеңімпазы Оңтүстік Африкадан келген Зозибини Тунци табыстады.

Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан Республикасы мен Перу арулары кірді. Андреа Меза - "Әлем аруы" атағын жеңіп алған үшінші мексикалық әйел. 1991 жылы Люпита Джонс, содан кейін 2010 жылы Химена Наваррет "Әлем аруы" атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1912856-alemdegi-en-sulu-aru-dep-tanylgan-boizetken-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel