RU

"Мәселе қарынның тоқтығында емес": Шарманов артық тамақ ішудің қандай ауруларға әкелетінін айтты

kaznmu.kz
Фото: kaznmu.kz

Қазақ тағамтану академиясының президенті, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры Төрегелді Шарманов дұрыс тамақтану жайлы ой-пікірін айтып жүрген танымал адамдардың бірі. Академик дұрыс тамақтану туралы айтқан пікірлерін Qadam.asia ұсынады.

Ғалымның дұрыс тамақтану жайлы айтқан ойлары:.

  • Тамақтанғаннан кейін қысқа серуендеуге тырысыңыз, тіпті бес-он минуттық серуеннің пайдасы зор.
  • Егер әр адам денсаулығына өзінде бар капитал деп қараса, ол адам бірінші кезекте дұрыс тамақтануға дағдылануы керек. Сонда ғана қазақ ерте қартаймайды. Оның алып бара жатқан құпиясы жоқ. Дұрыс тамақтануды жүйелеп алсақ, қартаймаудың ең негізгі басымдылығы осы.
  • Бүгінгідей сананы тұрмыс билеген заманда, халықтың басым көпшілігі жұмысбастылықтың салдарынан тез тамақтана салуға құмар. Кейбіреулер сапалы тамақтану дегенді тоя тамақ жеу деп түсініп жатады.
  • Мәселе, қарынның тоқтығында емес, не ішіп, не жегенімізде.
  • Қазіргі адамзаттың зардап шегіп отырғаны – аштық емес, көп тамақтану. Артық тамақ ішу қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры, диабет, басқа да созылмалы ауруларға әкеледі. Мұны есте ұстауымыз керек.
  • Майлы тағам ғана семіздікке әкеледі деп ойлайды көбі. Бірақ олай емес. Қант пен қантқа ұқсас тәтті де семіздікке әкеледі. Мәселен, кока-кола мен пепси – бұл нағыз денсаулыққа зиян сусындар. Оның орнына адам көкөніс мен жеміс-жидек көбірек жеуі керек.
  • Анасының қандай тамақ iшкенi жатырда жатқан балаға әсер етедi. Егер анасы жүрек-қан тамырлары аурыуымен сырқаттанса, баласы да ауыруы мүмкiн. Қаны аз болады немесе дәл қазiр ой жүйесiнiң жетiспеуi де үлкен мәселеге айналды.
  • Ағзада темiр мен фоли қышқылының жетiспеуi балаларды ақыл-ой кемiстiгiне апарады.
  • Қазір ата-ананың көбі бала не қаласа, соны сатып әпере салатынын, же жегісі келсе, соны алып бере салатыны өтірік емес. Баланың еркелігіне көп қараймыз. Бірақ дұрыс тамақтану олай жүрмейді. Тәтті, газдалған сусын, қытырлақ, чипс, гамбургер мен хот-дог, донер алып беруді қою керек.
  • Газдалған сусын адам ағзасында кальцийдің бәрін шайып кетеді.
  • Зиянды тағам жеген адамның ағзасында мутагенді заттар жиналып қалады. Бұл өз кезегінде қатерлі ісікке әкеледі.
  • Зиянды сусынның орнына дәруменге бай қымыз бен шұбатты ішкен жөн. Қымыз бен шұбат қатерлі ісіктен, диабет пен остеопороздан сақтайды.
  • Баланың рационына жеміс-жидек көбірек қосу керек.
  • Малдың етінен жылқының еті өте пайдалы. Микроэлементтер мол. Тез қортылады. Жылқы етінің майы атеросклерозды емдеуге көмектеседі.
  • Дастарханға балық етін қоюға көбірек көңіл бөліңіз.
  • Әйел адам күніне 1 литрден астам сүт ішу керек. Оның ішіне сүт те, сүзбе мен қаймақ та кіреді. Сүт тағамдарды күнделікті рационда болуы тиіс.
  • Еуропадан кеп жатқан балалар тағамы қазақ балаларына келмейді. Біздің ағзаға оған бейімделмеген. Бұл өнімдері сол батыстағы балалардың өзіне ғана жағады. Оның орнына отандық өнімге назар аудару керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914095-masele-qarynnyn-toqtygynda-emes-sarmanov-artyq-tamaq-isudin-qandai-aurularga-akeletinin-aitty/