Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезия билігі мемқызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге Балиге жібермек

Опубликовано:

Бали
Көрнекі сурет: pixabay.com

Индонезия үкіметі сегіз мемлекеттік орган қызметкерлерінің төрттен бірін Балиге қашықтан жұмыс істеуге жіберуді жоспарлап отыр деп хабарлайды The Jakarta Post.

Бұл шара негізінен туризммен күн көріп отырған және пандемия кезінде шекараның жабылу салдарынан күрделі мәселелерге тап болған аралдың экономикасын қолдауға бағытталған. Соңғы бес тоқсанда аралдың ЖІӨ айтарлықтай төмендеп кеткен.

Индонезияның туризм және креативті экономика министрі Сандиаги Салахуддина Уноның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерді Балиге "қоныс аудару" жоспары толықтай дайын болып қалған.

Оның сөзінше, Балиге Теңіз және инвестиция істерін үйлестіру жөніндегі министрліктің қызметкерлерін және оған бағынышты жеті органның қызметкерлерін, сонымен қатар энергетика, көлік, Мемлекеттік құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің қызметкерлерін яғни барлығы 8 мыңға жуық адамды жіберу жоспарланып отыр.

Осылайша, билік Балидегі қонақүйлер мен мейрамханаларға сұранысты арттырғысы келеді.

Айта кетейік, Бали экономикасының 80 пайызын туризм секторы және онымен байланысты салалар құрайды.

2020 жылы өңірдің ЖІӨ 9,3 пайызға төмендеген, бұл Индонезияның 34 провинциясы арасындағы антирекорд болып отыр.

2021 жылдың бірінші тоқсанында экономикалық құлдырау жалғасып, үдей түскен, билік ЖІӨ-нің 9,85 пайызға төмендегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915198-indoneziya-biligi-memqyzmetkerlerdi-qasyqtan-zumys-isteuge-balige-zibermek/

pixel